Аймақтар • 11 Қаңтар, 2021

Ең жас сайлаушыға сыйлық тапсырды

320 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бозала таңнан сайлау учаскелеріне қа­рай асыққан сайлау­шы­лар­дың қатары қалың болды.

Ең жас сайлаушыға сыйлық тапсырды

Ай бойы партиялар жоба-жос­парларын ұсынды, елмен етене араласты, қоғамдағы мәселелермен танысты. Халық партиялардың мүмкіндіктерін бағамдап, саралап барып, өз таңдауларын жасады. Ал саяси науқанның әділ өтуін бейтарап байқаушылар назарларында ұстады.

Сайлау учаскелеріне келген азаматтардың дене қы­зуы өлшеніп, еденде бел­гіленген жолақ бойымен дауыс беруге өтіп жатты. Учаскелердің мүшелері байқаушылар, техни­калық қызметкерлер ПТР тесті­ден өткен.

Сайлау ережесін бірді-екілі бұзғандар болмаса, бәлендей дау-дамайлар болған жоқ. Жер­гілікті байқаушылардан бөлек Шығыс Қазақстан өңіріне шетелден де байқаушылар келген. Олардың екеуі Еуропадан болса, алтауы ТМД елдерінен еді.

Саяси науқанда жауапкер­шілікпен өз таңдауын жасаған­дардың ең үлкені 100 жастағы кейуана – Хауа Бұланбаева болса, ең жасы 18-ге жуықта ғана толған Еңілік Кәрімова еді. Үйінде отырып, дауыс берген Хауа әже «Әділ сайлау болсын! бар болайық, бай болайық, заман тілегіне сай болайық!», деп ақ батасын берді. Ал тұңғыш рет сайлауға қатысқан Еңілік Кәрібаева сый-сияпатқа ие болды.

 

Шығыс Қазақстан облысы

 

Соңғы жаңалықтар

Жаңатастағы жойқын дауыл

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Медалі көп чемпион

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Дүбірлі дода басталды

Олимпиада • Бүгін, 08:35

Сегіз Олимпиадаға қатысқан

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кешенді қолдау құжаты

Білім • Бүгін, 08:25

Бір сайыста – бес алтын

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Сағадағы сатира кеші

Тағзым • Бүгін, 08:10

Монакодан ұтылды

Теннис • Бүгін, 07:55