Сайлау • 11 Қаңтар, 2021

Конституциялық құқықтарын жүзеге асырды

187 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Мәжілісі мен мәслихаттарының сайлауына ақмолалықтар белсенді қатысты деп атап өтті Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақмола облысы байқаушылары штабының жетекшісі Ерлан Зәкіриянов.

Конституциялық құқықтарын жүзеге асырды

Оның айтуынша, аймақтағы 722 сайлау учаскесінде таңнан кеш­кі сегізге дейін 378 206 адам дауыс беріп, өз таңдауын жасаған. Ерлан Зә­кіриянов бұл жолғы сая­си шарада облыс жастары аса бел­сенділік таныт­қанын атап өтті.

«Облыс аумағында Франция, Германия, Ресей және тағы басқа елдерден барлығы 17 халық­ара­лық байқаушы тіркеліп, өңірі­міздің Ақкөл, Целиноград, Шор­танды және Степногор мен Көк­­шетау қалаларында сай­лау барысын бақылады. Саяси нау­қанда ешқандай заң бұзушылық фак­тісі тіркелген жоқ. Сайлау барысында жастардың белсен­ділігін атап өтсек деймін. Әсі­ресе 30 жас пен 45 жас аралы­ғындағы азаматтар аса бел­сенді болды. Таңнан кешке дейін Ақмола облысының сайлау учас­келерінде барлығы 378 206 адам дауыс берді», деді облыстық байқаушылар штабы­ның жетекшісі.

Жиын барысында «Қазақ­станның Азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі Ақ­мола филиалының төрайымы Ирина Терентьева да сөз сөйлеп, сайлау барысы туралы тарқатып айтып берді.

Айта кететін тағы бір жайт, Ақмола облысында 722 сайлау учаскесі жұмыс істеді. Оның 697-сі ашық учаскелер. Облыстың Азаматтық альянсынан және кәсіподақтардан 1005 байқаушы тіркеліп, жергілікті сайлау учас­келерінде жұмыстарын атқарды. Бұ­дан бөлек сайлауға қатысып жатқан бес партияның атынан 1723 өкіл байқаушы ретінде тіркелді.