Әлем • 11 Қаңтар, 2021

Сауд Арабияда автокөліксіз және жолсыз қала салынады

729 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сауд Арабияның мұрагер ханзадасы Мұхаммед ибн Салман жаңа қаланың – The Line бірегей жобасын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz

Сауд Арабияда автокөліксіз және жолсыз қала салынады

Жобаның мақсаты – қаладағы мектептер, медициналық мекемелер, демалыс орындары, сондай-ақ жасыл көгалдар сияқты барлық қажетті қызметтерді жаяу және көліксіз салу.

Ханзаданың айтуынша, адамдардың көбі уақытты жолға, кептелістерге, жанармай құюға жұмсайтындықтан, пайдалы істі бастағысы келген. The Line құрылысы 2021 жылдың бірінші тоқсанында басталады.

Аталған жобаға үш жылдай уақыт кетпек. Оның құны 100-200 миллиард доллардан асып жығылады. Тағы бір ерекшелегі қаладағы бірде-бір сапар 20 минуттан аспайды-мыс. Сондай-ақ The Line-де 100 пайыз таза экологиялық энергиямен қамтамасыз ету көзделген.