Ведомствоның баспасөз қызметі хабарлағандай, Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер 39 жастағы Әсет Жұматаев тағайындалды. Ол осыған дейін дейін Петропавл қалалық санитарлық-эпидемиялық бақылау басқармасын басқарды.
А.Жұматаев Қарағанды мемлекеттік медицина академиясын «Медициналық-профилактикалық ісі" мамандығы бойынша бітірген. 2007-2019 жылдары Аққайың ауданы бойынша санитарлық-эпидемиялық бақылау басқармасының санитарлық-гигиеналық бөлімінің бас маманы, одан әрі бастығы және ауданның қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.
Бұған дейін санитарлық-эпидемиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Арман Көшбасов осы департамент басшысының орынбасары лауазымына ауысқан еді.