Қазақстан • 11 Қаңтар, 2021

Қазақстанның 6 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

929 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстанның 6 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.

Қазақстанның 6 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Кәсіпорынның болжамына қарағанда, 12 қаңтар күні Солтүстік Қазақстан облысында қар жауады. Кей жерлерде бұрқасындатып, шығыстан, солтүстік-шығыстан жылдамдығы секундына 15-20 метрге жететін жел соғады, күндіз екпіні 23-28 м/с болады.

Петропавлда 12 қаңтарда бұрқасын болады. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғып, күші секундына 15-20 метрге, күндіз екпіні 23-28 м/с-қа жетеді. Ауа райы болжамының дәлдігі 90-95%. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады. Солтүстіктен жел соғып, кей жерлерде жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа райы болжамының дәлдігі 90-95%.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде және Орал қаласында тұман түседі. Ауа райы болжамының дәлдігі 85-90%. Ақмола облысының басым бөлігінде қар жауады. Кей жерлерінде бұрқасын, тұман болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді, екпіні 25 м/с болады. Көкшетауда жаяу бұрқасын соғып, тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде және таңертең екпіні 15 м/с болады.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа қарай ойысады, кей жерлерде жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, түнде екпіні 25 м/с болады.

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түсіп, бұрқасын болады. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр, екпіні 23-28 м/с болады. Қарағандада бұрқасын болады, жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғып, күндіз екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Ауа райы болжамының дәлдігі 70-75%.

Соңғы жаңалықтар