Пікір • 12 Қаңтар, 2021

Табысты қадам

145 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда Парламент Мәжілісі және мәслихаттарының сайлауы сәтті өтті. Еліміз демократияға сәтті қадам басып келеді. Бұл туралы Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясының Бас хатшысы Алтынбек Мамаюсупов баспасөз мәслихатында айтты.

Табысты қадам

«Бүгін біз Қазақстандағы де­­­мо­­кратияға бағытталған қозға­­лыстың жалғасы болып та­бы­­ла­тын табысты қозғалыстың куә­сі болып отырмыз. Мұнымен мен бар­лық қазақстандықты, сон­­дай-ақ сайлау алдындағы жа­рысқа қатысушыларды, жең­ген­дер мен қатысқандарды құт­тық­­тағым келеді. Менің ойым­ша, сайып келгенде, Қазақ­стан халқы жеңіске жетті, олар Қазақ­­стандағы дамуға және демо­­кратияға бағытталған қозға­лыс­ты жалғастыруға дауыс берді», деді А.Мамаюсупов.

Осыған орай, спикер Қазақ­стан халқын сайлаудың ойда­ғыдай аяқталуымен құттықтады.