Видео • 12 Қаңтар, 2021

Анасының бетін тортпен ұрған жігіт анықталды

18030 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен аптада қазақстандық интернет қолданушылар анасының бетіне торт лақтырған баланың видеосын таратып, айыптаған еді. Ал бүгін Өзбекстанның Ішкі істер министрлігі елдегі TikTok қолданушыларына маңызды ескерту жасады. Бейне хабарламада жоғарыда аталған баланың да әрекеті көрсетіледі. Соған қарағанда ол оқиға Өзбекстанда болған болуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz тілшісі. 

Анасының бетін тортпен ұрған жігіт анықталды

- Кейінгі уақытта қоғамда жағымсыз тенденция қанат жайып келеді. Оның ішінде жастар арасында өзіне назар аударту үшін түсірілетін ақылға қонымсыз видеолар ғана емес, қоғамдық тәртіпті өрескел бұзатын видеолар да TikTok  платформасында көбейіп барады.  Құрметті жастар және ата-аналар сіздердің қоғамға келтірген жайсыздықтарыңыз бен жақындарыңызды мазақ ету әрекеттеріңіз жалғаса береді деп ойламаңыздар! Азаматтардың тыныштығын бұзып, қоғамның құтын қашырған кез келген әрекет бұзақылық ретінде қарастырылады. Жаза ретінде 15 тәулікке дейін қамауда ұстайтын боламыз. Тәртіп сақтап, шектен шықпауларыңызды ескертеміз. Заңға қайшы келмеулеріңізді сұраймыз, - деді Өзбекстанның ІІМ ақпарат жетекшісі Шохрух Гиясов.