Орталық сайлау комиссиясы елімізде өткен Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлаудың қорытындысын шығарып, саяси партияларға берілген дауыстар санын жариялады.

Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров сайлау учаскелеріндегі сайлаушылар тізімдеріне 11 919 241 азамат енгенін хабарлады. Олардың ішінде
7 539 280 адам немесе сайлаушылардың 63,25 пайызы сайлау бюллетеньдерін алған. Дауыс беруге 7 389 153 адам қатысқаны белгілі болды, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша
13 677 сайлаушы дауыс берді.
Саяси партиялар бойынша Қазақстан Халық партиясы – 659019 (9,10 пайыз), Nur Otan партиясы – 5 148 074 (71,09 пайыз), «Ауыл» халықтық демократиялық патриоттық партиясы – 383 023 (5,29 пайыз), «Ақ жол» демократиялық партиясы – 792 828 (10,95 пайыз), ADAL саяси партиясы – 258 618 (3,57 пайыз) дауыс жинаған.
Сондай-ақ Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлауда үш саяси партия ие болған мандаттар саны жарияланды. Nur Otan, «Ақ жол» және Қазақстан Халық партиясы жеті пайыздық межені еңсеріп, Қазақстан Парламентіне жолдама алды. Қорытынды бойынша Nur Otan партиясы – 76, «Ақ жол» демократиялық партиясы – 12, Қазақстан Халық партиясы – 10 мандатқа ие болды.
Отырыс барысында Парламент Мәжілісіне Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған депутаттар белгілі болды. 11 қаңтарда өткен ҚХА сайлайтын Мәжіліс депутаттарын сайлау нәтижесі бойынша 9 депутат анықталды. Олардың ішінде Сауытбек Абдрахманов – 298 (84,9 пайыз), Аветик Амирханян – 270 (76,9 пайыз), Ильяс Буларов – 274 (78,1 пайыз), Наталья Дементьева – 292 (83,2 пайыз), Юрий Ли – 282 (80,3 пайыз), Вакиль Набиев – 285 (81,2 пайыз), Шамиль Осин – 271 (77,2 пайыз), Владимир Тохтасунов – 277 (78,9 пайыз), Абилфас Хамедов 290 (82,6 пайыз) дауысқа ие болды. Сайлаушылар тізіміне енген 509 азаматтың 351-і немесе 68,9 пайызы дауыс беруге қатысты.
Сондай-ақ кеше Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) мәслихаттар депутаттарының кезекті сайлауының қорытындысына арналған отырыс өткізді.
Жиында мәслихаттар депутаттары сайлауының қорытындысы мен депутаттық мандаттарды бөлу мәселесі қаралды. ОСК төрағасы Берік Имашев өз сөзінде мәслихаттар депутаттарының сайлау қорытындыларын аумақтық сайлау комиссиялары анықтайтынын атап өтті. Елдегі 216 мәслихат бойынша жұмысты облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының аумақтық сайлау комиссиялары жүргізген. Осы мәселеге қатысты комиссия мүшелері аумақтық сайлау комиссияларының есептерін тыңдады.
«Сайлау науқанында атқарылған жұмыстар үшін баршаңызға алғыс айтамын. Осы арқылы мәслихаттар бойынша сайлау науқанын аяқтадық. Мәслихаттар депутаттары алғаш рет пропорционалды сайлау жүйесі бойынша сайланды. Бұл – 2007 жылғы конституциялық реформаның қисынды жалғасы, республикалық және жергілікті деңгейлерде өкілді органдарды қалыптастыру жөніндегі тәсілдерді біріздендіреді», деді Берік Имашев. Оның айтуынша, Сайлау туралы заңға сәйкес депутаттық мандаттарды бөлу кезектілігін саяси партияның тиісті филиалының басшы органы сайлау қорытындылары жарияланған күннен бастап бес күннен кешіктірмей айқындайды.
Мәслихаттар депутаттарын сайлау қорытындылары туралы хабарды тиісті аумақтық сайлау комиссиялары жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.
Отырысқа саяси партиялардың өкілдері, бейнеконференц-байланыс режімінде облыстардың, Нұр-Cұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының аумақтық сайлау комиссиялары қатысты.
Атырау облысында жол апатынан екі адам мерт болды
Аймақтар • Бүгін, 15:09
Құнсыздық құлдың түбіне жетеді
Аймақтар • Бүгін, 14:39
Шетелден ұшып келген жолаушылардан коронавирус анықталған жоқ
Коронавирус • Бүгін, 14:05
Карантин кезінде ойын ұйымдастырған казино анықталды
Аймақтар • Бүгін, 13:59
Дарынды 100 оқушының бірі Талдықорғанда тұрады
Білім • Бүгін, 13:18
Атырауда тұрғын үйде газ жарылып, 3 адам ауруханаға түсті
Аймақтар • Бүгін, 12:50
Жуырда Димаш Құдайбергеннің жаңа бейнебаяны жарыққа шығады
Руханият • Бүгін, 12:16
Пневмониядан 2 адам қайтыс болды
Коронавирус • Бүгін, 11:42
Коронавирус жұқтырған 300-ге жуық науқастың жағдайы нашар
Коронавирус • Бүгін, 11:17
Нұр-Сұлтанда газдандыру жұмысы жалғасып жатыр
Елорда • Бүгін, 10:25
Өткен тәулікте 1 584 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:50
Елімізде тағы 839 адам коронавирустан жазылды
Коронавирус • Бүгін, 09:02
Қазақстан күнбағыс тұқымына экспорттық баж салығын енгізуі мүмкін
Экономика • Кеше
Қорғаныс министрі Алматы облысына жұмыс сапарымен барды
Аймақтар • Кеше
Шетелден ұшып келген 2 қазақстандықтан коронавирус анықталды
Коронавирус • Кеше
AКРA: Қазақстанның ұлттық қарызы ІЖӨ-нің 26,6% -на жетуі мүмкін
Экономика • Кеше
Шымкентте жан басына қаржыландырудың көлемі артты
Аймақтар • Кеше
Мақтааралда құрылыс жұмыстарының көлемі 255,4%-ға артты
Аймақтар • Кеше
Экология министрлігі экологиялық құқықбұзушылықпен күреседі
Экология • Кеше
«KazALPack» Орталық Азия аумағында бірегей жобаны жүзеге асырмақ
Аймақтар • Кеше
Пневмониядан 1 адам қайтыс болды
Коронавирус • Кеше
Коронавирус жұқтырған 302 адамның жағдайы нашар
Коронавирус • Кеше
Өткен тәулікте 1 548 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Кеше
Елімізде тағы 1050 адам індеттен айықты
Коронавирус • Кеше
Қазақстанның ватерполшылары Нидерландпен күш сынасады
Спорт • 22 Қаңтар, 2021
Спорт • 22 Қаңтар, 2021
Конор Макгрегордың табысы қанша?
Спорт • 22 Қаңтар, 2021
Алматыда әйелдер онкологтарға тегін қарала алады
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Ядролық қаруға тыйым салу туралы шарттың күшіне енуіне орай СІМ мәлімдеме жасады
Қазақстан • 22 Қаңтар, 2021
Жандос Бүркітбаев Денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды
Тағайындау • 22 Қаңтар, 2021
Зинедин Зидан коронавирус инфекциясын жұқтырды
Әлем • 22 Қаңтар, 2021
Нұрсұлтан Назарбаев елорда әкімін қабылдады
Елбасы • 22 Қаңтар, 2021
Елбасы Бейбіт Атамқұловты қабылдады
Елбасы • 22 Қаңтар, 2021
Алматыда Көк-Төбедегі ағаштар заңсыз кесіліп жатыр
Экология • 22 Қаңтар, 2021
Канадада Қазақстандағы парламенттік сайлау қорытындылары талқыланды
Әлем • 22 Қаңтар, 2021
Абай атындағы ҚазҰПУ-да Директорлар кеңесінің төрағасы сайланды
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Бірқатар облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • 22 Қаңтар, 2021
Алматының АT-архитектура жоспары бекітілді
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Түркістанда 1361 дау медиаторлардың қатысуымен оң шешілген
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану ережелері түсіндірілді
Қоғам • 22 Қаңтар, 2021
Қызмет барысында қаза тапқан полицейлерді еске алу жиыны өтті
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
«Ер Едіге-Ноғайлы дәуірінің жыры» атты музыкалық альбом жарық көрді
Руханият • 22 Қаңтар, 2021
Карантин шараларын бұзғаны үшін жабылған мекемелердің тізімі жарияланды
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Ержан Бабақұмаров COVID-19-дан сақтану шараларын күшейтуді тапсырды
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Ақтөбе облысы әкімінің экс-орынбасары 12 жылға сотталды
Қоғам • 22 Қаңтар, 2021
Мемлекет басшысы Алексей Цойды қабылдады
Президент • 22 Қаңтар, 2021
Ауыл шаруашылығы министрлігі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды
Тағайындау • 22 Қаңтар, 2021
Атырауда 35 жастағы азаматшаны тонап кетті
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Әлеуметтік жарнаманы қалыптастыру бойынша конкурс ұйымдастырылады
Қазақстан • 22 Қаңтар, 2021
Алматыда кәсіпкерлерді қызметкерлерін МӘМС жүйесінде 25 қаңтарға дейін сақтандыруға шақырды
Қазақстан • 22 Қаңтар, 2021
Мақтаралда көктемгі егіс жұмыстары басталды
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылуы талқыланды
Қазақстан • 22 Қаңтар, 2021
Батыс Қазақстанда вирусқа қарсы екпе 180 мыңнан аса адамға егіледі
Медицина • 22 Қаңтар, 2021
Татарстандағы мұнай кәсіпорнында жарылыс болды
Видео • 22 Қаңтар, 2021
Қазақстан • 22 Қаңтар, 2021
Ақсу қаласына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • 22 Қаңтар, 2021
Елордада 7 миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді
Қоғам • 22 Қаңтар, 2021
Заңгерлерді даярлау меморандумына қол қойды
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Зейнетақының бір бөлігін алуға өтінім қабылдайтын сайт жарияланды
Қоғам • 22 Қаңтар, 2021
Ұқсас жаңалықтар