Оқиға • 13 Қаңтар, 2021

Алматыда жеке сектордан граната табылды

131 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласында жеке сектордан граната табылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматыда жеке сектордан граната табылды

Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Онда куәгерлер граната «Қарғалы» шағын ауданындағы Редько көшесінен табылғанын айтты. https://www.instagram.com/p/CJ3j3p3hokM/ Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі жарылғыш заттың жауынгерлік емес екенін жеткізді.

«Табылған граната арнайы сараптамаға жіберілді. Қазір бұл факт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚРҚК-нің 287-бабы 3-бөлімі бойынша тіркелді», деп хабарлады полициядан.