12 Желтоқсан, 2013

Ел мұраты – Стратегия міндеттерін орындау

300 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Кеше Парламент Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму комитеті мүшелерінің мемлекеттік орган басшыларымен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыру шеңберінде «Елімізді әлеуметтік жаңғырту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысы» тақырыбын талқылаған кездесуі болды.

Кеше Парламент Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму комитеті мүшелерінің мемлекеттік орган басшыларымен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыру шеңберінде «Елімізді әлеуметтік жаңғырту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысы» тақырыбын талқылаған кездесуі болды.

Кездесуді Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Ақан Би­жанов ашып, жүргізіп отырды. Өзі­нің кі­ріс­пе сөзінде комитет төра­ғасы «Қа­зақстан-2050» Страте­гиясы әлеуметтік мәселелерге үл­кен көңіл бөлетінін айта келіп, осы бағытта қабылданған бағдар­ла­малардың орындалу барысы тура­лы комитет мүшелері толық хабар­­дар болғысы келетінін жеткі­­зумен бірге, мемлекеттің жаңа әлеуметтік саясатының ерекше­лігі мен өзектілігін атап өтті. Әлеу­меттік қорғау тетіктерін күшей­ту, аймақтардағы әлеуметтік теңсіз­діктерді жою, еңбек және жұмыспен қамту саясатын жаң­ғырту, денсаулық сақтау мен бі­лім беру жүйесін дамыту мәселелері мем­ле­кет­тің стратегиялық бағыттарын мақ­сат еткен шешімдердің қатарында, деді ол. 

Сонымен бірге, әлеуметтік бағ­дар­ламалардың орындалуына заңнамалық тұрғыдан қолдау қажет болса, парла­ментарийлер бұл іске әрқашан да дайын екендігі айтылды. Осы тұрғыда Мем­лекет басшысы еңбекақы, зей­нетақы мен жәрдемақының, кепіл­ді дәрігерлік және білім беру қыз­меттерінің көлемін, мектепке дейінгі тәрбиемен қамтамасыз ету, сондай-ақ, осы стандарттарды бұзғаны үшін лауа­зымды адамдар мен жұмыс беруші­лердің жауаптылығын орнықтырумен бірге, өмір сапасының ең төменгі негізгі көрсеткіштері көрініс табатын әлеуметтік стандарттар мен әлеу­мет­тік құқықтар туралы заң жобасын әзір­леу туралы тапсырма бергенін атап өтті.

Елімізді әлеуметтік жаңғыртуға мүмкіндік беретін бағдарламалардың орындалу барысы туралы алғашқы баяндаманы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүй­сенова жасады. «Жұмыспен қам­­ту­дың жол картасы-2020» бағдар­­ламасы бойынша үстіміздегі жыл­дың 1 қарашасына дейінгі мәлі­метке сәй­кес шамамен 256 мың адам мем­лекеттік көмек алған. Бағдар­ламаға қатысушылардың жартысынан астамы 29 жасқа дейінгі жастар. Осы шара бойынша барлығы 234 мың адам жұмысқа орналасқан. Соның ішінде 109 мыңы қайта даярлау, дайындау және біліктілігін арттыру курстарынан өткен. 16 мыңнан астамы шағын несиелермен қамтылып, қосымша 12 мың жаңа жұмыс орындары ашылған.

Сондай-ақ, бағдарламаны орындау барысында 11 мыңнан артық адамның жұмысы бар жерлерге көшіріліп, олардың арасынан жұмыс істеуге қабілеттілерінің 80 пайызға жуығы еңбекке тартылғаны белгілі болды. Ал ауылдық инфрақұрылымдарды дамыту бойынша 1485 жоба іске асырылып, соның арқасында 26 мың адам жұмыспен қамтылыпты. Сонымен бірге, баяндамашы бағдарламаны іске асыруға қолбайлау болып отыр­ған жайттарға де тоқталып өтті. Со­ның ішінде бағдарламаның қалың көпші­лікке тарамай, көптеген елді мекен­дердің оның іске асырылу тетіктерінен  хабарсыз екендігі айтылды.

Қосымша баяндама жасаған Эко­номика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев кездесуге қатысушыларды әзірленіп жатқан ең төменгі әлеуметтік стандарттар туралы заң жобасы және оның негізгі қар­жы-экономикалық көрсеткіштері туралы хабардар етті.

Кездесуге, сондай-ақ, Спорт және денешынықтыру жөніндегі агенттіктің төрағасы Тастанбек Есентаев, Ден­сау­лық сақтау министрі­нің орынбасары Ерік Байжүнісов, Білім және ғылым министрінің орынбасары Тақыр Балық­баев, Мәдениет жә­не ақпарат министрлігінің жауапты хатшысы Жан­на Кұрманғалиева, Кәсіподақтар феде­рациясы төра­ға­сының орынбасары Қайрат Аман­дықов қатысып, депу­таттардың сауалдарына жауап берді.

Кездесуді қорытындылай келіп, А.Бижанов бұл талқылаудың елі­міз­дің әлеуметтік жаңғыртудың құқық­тық базасын жетілдірудегі жұмыс­тардың тиімділігін арттыруға ықпал ететінін атап өтті.

Жақсыбай САМРАТ,       

«Егемен Қазақстан». 

Соңғы жаңалықтар