12 Желтоқсан, 2013

Жасампаздықтың жемісті жолы

270 рет
көрсетілді
12 мин
оқу үшін

Жаңа бағыт жаңа  міндеттер жүктейді

Еліміз егемендігін алып, мемлекет болып қалыптасу жолында көптеген қиындықтарды басынан кешірді. Әрбір игілікті бастаманың берекелі жалғасы болатынындай, айналдырған азғантай жылдар көлемінде жас республиканың әлеуметтік-экономикалық және саяси жаңғыруындағы жетістіктерін бүкіл әлем мойындады. Әрине, осы тар жол, тайғақ кешудегі барлық қол жеткізген стратегиялық бастамалардың басында Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы На­зарбаев тұрды. Маңайында әрдайым миллиондаған халық болды. Содан бері, міне, жиырма екі жылдың көші көрінді.

Жаңа бағыт жаңа  міндеттер жүктейді

Еліміз егемендігін алып, мемлекет болып қалыптасу жолында көптеген қиындықтарды басынан кешірді. Әрбір игілікті бастаманың берекелі жалғасы болатынындай, айналдырған азғантай жылдар көлемінде жас республиканың әлеуметтік-экономикалық және саяси жаңғыруындағы жетістіктерін бүкіл әлем мойындады. Әрине, осы тар жол, тайғақ кешудегі барлық қол жеткізген стратегиялық бастамалардың басында Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы На­зарбаев тұрды. Маңайында әрдайым миллиондаған халық болды. Содан бері, міне, жиырма екі жылдың көші көрінді.

Тәуелсіздік алған алғашқы күн­нен бері Елбасы мемлекетіміз бен халқымызды өмірдің барлық салаларында нақты нәтижелерге қол жеткізуге, әл-ауқатымызды жақсар­туға бағдарламалар жасап, өркениет көшіне бастап келеді. Елімізде жеке­меншікке, еркін бәсекелестік және ашықтық қағидаттарына негізделген нарықтық экономиканың заманға сай үлгісі жасалып, кәсіпкерлік қызмет үшін негізгі талаптар мен заманауи салық жүйесі қалыптасты.

Осы тұрғыдан ел дамуының стра­тегиялық жоспарын сауатты, дұрыс құру аса маңызды. «Қазақстан-2030» Стратегиясы шынайы серпіліс беріп еліміз нарықтық экономикаға көшу жолындағы қиын да ауыспалы ке­зеңді сәтті еңсерді.

2012 жылдың желтоқсанында Елбасы Қазақстан халқына жасаған Жолдауында «Қазақстан-2030» Стра­тегиясының орындалуын қо­ры­тындылап, еліміз үшін Қазақстан Республикасы Конституциясының кіріспесінде айтылғандай, Қазақ­стан халқының дүниежүзiлiк қоғам­дастықта лайықты орын алу ұмты­лысына сәйкес келетін, 2050 жыл­ға қарай әлемнің ең дамы­ған 30 мемлекетінің қатарына ену­ді көздейтін жоғары мақсат жауап­кер­шілігін сезіну тілегінен туындайды.

 «Қазақстан-2050» Стратегиясы жаңа прагматикалық бағытты бел­гі­леп, егемен мемлекетіміздің ХХI ғасырда тұрақты дамуының негіз­гі жолдарын айқындайды. Оның сәтті іске асырылуынан Қазақ­стан­ның келешектегі орны мен рөлі анықталмақ. «2050 жыл – жай бей­не­лі дата емес. Ол бүгінде әлемдік қоғам­дастық бағдар ұстап отырған нақ­ты мерзім», деп атап көрсетті Елбасы.

Құжаттың басты жетістіктерінің бірі – XXI ғасырда пайда болған, барлық мемлекеттер мен өңірлерді қамтитын жаңа ғаламдық сынақтарға жан-жақты талдау жүргізу болып табылады. Жолдауда Мемлекет басшысы белгілеген Қазақстанның ұзақ мерзімді дамуының негізгі ба­ғыттарының арасында дәйекті және болжамды сыртқы саясат – ұлт­тық мүдделерді ілгерілету мен ай­мақ­тық және жаҺандық қауіпсіздікті нығайту да аталды.

Баршаға мәлім, Қазақстан өңірлік сыртқы саясат мәселелеріне ерекше көңіл бөледі. Орталық Азиядағы қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимылдар да еліміздің басты назарында. Себебі, соңғы жылдары қолданылып жатқан қатаң шараларға қарамастан өңірде радикалдық қозғалыстар белсенділігінің елеулі артуы, діни экстремизмнің тарауы байқалуда.

Қазір аймақтағы қауіпсіздікке қатер төндіруші факторларға тұ­рақ­ты кең тарау алып отырған ауған қақ­тығысын да жатқызуға болады. Ха­лықаралық коалицияның 2014 жылға дейін Ауғанстаннан әскерлерін шығаруына байланысты бұл қатердің одан сайын артып кету мүмкіндігі туындап отыр.

Өңірдегі заңсыз есірткі айналы­мының ауыр жағдайы да өрши түсу үрдісіне ие. Діни экстремизм мен тер­роризмнің қатарында заңсыз әре­кеттің осы түрі өңір қауіпсіздігіне әсерін тигізетін теріс құбылыстың бірі ретінде қарастырылады.

Заңсыз есірткі айналымы мен ақ­ша жылыстату, контрабанда және трансұлттық ұйымдасқан қылмыс басқа да қылмыстық әрекеттердің арасындағы өзара байланыстың болуы елді алаңдатып отырғаны жасырын емес. Терроризм, экстремизм және трансұлттық қылмыстан төнетін қатер өңірдегі елдерден келісілген тиімді шаралар қабылдауды талап етеді.

Орталық Азияның ұзақ мерзімді бірқалыпты дамуы Ауғанстандағы жағдайдың тұрақтануынсыз қарас­тырыла алмайтынын естен шығармау қажет. Коалиция күштері кеткен соң қауіпсіздікті қамтамасыз ету және экономикалық оңалту мәселелері Орталық Азияда орналасқан елдер тарапынан баса назар аударуды қажет етеді. Егер Ауғанстанға көмек толыққанды көрсетілетін болса, осы мемлекеттегі ішкі саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдай тұрақтанады.

Қазақстан Республикасының соңғы жылдардағы Ауғанстан экономикасына салған жәрдемінің көлемі білім беру бағдарламасына берілген 50 млн. доллар және басқа да көмекті қосқанда 250 млн. долларды құрады.

Біз Ауғанстанның Орталық Азиядағы халықаралық сауда-эко­но­ми­калық қатынастар жүйесіне ин­тегра­ция­лануын қолдаймыз. Ауған­стан­ның Орталық және Оңтүс­тік Азия елдерімен сыртқы эконо­микалық байланыстарын одан әрі дамытуға бағытталған «Жаңа жібек жолы» бастамасын қолдауымызды осымен түсіндіруге болады.

2007 жылдан бастап біздің еліміз Ауғанстанға көмек көрсетудің  арнайы жоспарын іске асырып келеді. Соның ішінде бейбіт кәсіптер бойынша 1000 жас маман дайындау бағдарламасы жүргізіліп отыр. Жыл сайын Қазақстан Ауғанстанға тегін техникалық және гуманитарлық кө­мек көрсетеді. Қазақстан қара­жа­тына Талукан – Кундуз – Ширхан – Бандар автожолы қайта жөнделіп, мектеп пен аурухана салынды.

Біздің мемлекетіміз Ауғанстанды қалпына келтіру бойынша халық­аралық қоғамдастықтың гумани­тар­лық күш-жігеріне белсенді атсалы­сып келеді. Сондықтан да Қазақ­станның осы мәселеге қатысты ұста­нымдарын халықаралық кездесулерде сарапшылар жоғары бағалайды.

Мемлекетімізге осындай белсенді сыртқы саясат жүргізуге дамып келе жатқан экономика ғана емес, тұрақты құқықтық жүйенің болуы мүмкіндік беріп отыр. 1990 жылдардың ортасынан бастап қалыптасқан, соның ішінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құ­қықтық базаны жетілдіру бойынша жұмыстарды жалғастыру қажет.

Содан бері елімізде БҰҰ, ТМД мен ҰҚШҰ шеңберінде қабыл­дан­ған бірқатар халықаралық норма­тивтік-құқықтық актілер, сон­дай-ақ екіжақты келісімдер мен келісім­шарттарды ратификациялау және ұлттық заңнамаға енгізу бойын­ша мемлекетішілік рәсімдер жүргі­зілді. Құқықтық негіз Шанхай ынты­мақ­тастық ұйымы шеңберінде де серпінді құрылуда.

Мемлекеттік органдардың ұлт­тық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы міндеттері мен өкілет­тігін кеңейте, нақтылай түсетін «Қазақ­стан Республикасының ұлт­тық қауіп­сіздігі туралы», «Қазақстан Рес­публикасының арнаулы мем­лекеттік органдары туралы», «Қа­зақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға және ақшаны қол­ма-қол ақшаға айналдыруға қар­сы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» жаңа заңдар мен басқа да бірқатар заңнамалық актілер қабыл­данды.

Терроризмге қарсы іс-қимыл бойынша қызметті ұйымдастыру және үйлестіру тетіктерін құқықтық регламенттеу мен жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң күшіне енді. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» Заң сияқты бұл заңда да әр мемлекеттік органның өкілеттіктері мен құзыретінің аражігін нақты ажырату қарастырылды және ерекше айта кету керек, бұл құжат қа­был­данғаннан кейін террорлық әре­кеттердің алдын алу және профилактикасы мәселелері бойынша мемлекет пен қоғам күштерін кең ауқымды қолдану бастау алды. Осы заңға сәйкес Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Рес­пуб­ликасының Терроризмге қарсы орта­лығы туралы ереже және әкімдер бас­қаратын Терроризмге қарсы комис­сиялар туралы үлгілік ереже бекі­тілді.

«Қазақстан-2050» Стра­тегия­сында қойылған тапсырмаларды іске асыру үшін осы жылдың 24 қыр­күйегінде Қазақстан Респуб­ликасы Президентінің № 648 Жарлығымен Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жыл­­дарға арналған мемлекеттік бағдар­лама бекітілді.

Ұлттық заңнама әрдайым же­тіл­діріліп отыратыны белгілі. Жел­тоқ­сандағы Жолдауында Елбасы: «Біз діни радикализм мен экстремизмнің пайда болуын бейтараптандыру мақ­сатында заңдарымызды жетіл­діруіміз керек. Біз терроризмге қарсы заңдарды да жетілдіруге тиіспіз», деп атап өткен.

Осы тапсырманы орындау ше­гінде аталған қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимылдардың заңнамалық базасын жетілдіруге бағытталған заң жо­балары Парламентке келіп түседі деп күтілуде. Ұлттық қауіпсіздікті қам­тамасыз етуде табыстарға қол жет­кізу үшін мемлекет пен қоғам өзара тығыз қарым-қатынаста болып, өзара күш-жігерін жұмылдыруы қажет.

Жанат ЖАРАСОВ,

Парламент Мәжілісінің депутаты,

«Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі.

Бізге де жаңару қажет

Елбасының бастамасы­мен «Қазақстан-2030» Стра­те­гиясы қабылданып, онда елдің дамуына бағыт­талған жеті негізгі басымдық көр­се­тілді. Солардың негі­зін­де түрлі мемлекеттік бағдар­ламалар әзірленді. Міне, осы бағдарламалар арқылы елі­міз­де қыруар тірліктер атқарылды. Бір ғана мысал. 2008 жылы бүкіл әлем қаржы дағдарысына тап болды. Тіпті, алпауыт ел – АҚШ-тың өзінде миллиондаған адам жұмыссыз қалды. Осы кезде біздің үкімет «Жол картасы» бағдарламасын қабылдап, жұмыссыздықтың алдын алды. Яғни, елде жаппай жұмыстан босату фак­тілері тіркелген жоқ.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың был­тырғы 14 желтоқсандағы Қазақстан хал­қына арнаған кезекті Жолдауы оңтүс­тікқазақстандықтар тарапынан, әсіресе, жастар жағынан үлкен қолдауға ие болған еді. Олай деуіме негіз бар. Елбасы қашанда жастардың мәселесіне көңіл бөліп келеді. Жастарды жұмыспен қамтуда қабылданып жатқан бағдарламалар негізінде мемлекеттік жастар саясаты толықтай қалыптасудың негізгі кезеңдерінен өтіп келеді. Сонымен қатар, жас­тар саясатының негізгі басым­дықтары 2004 жылы қабыл­данған «Қазақстан Респуб­ликасындағы мем­ле­кеттік жастар саясаты туралы» Заңда және 1999 жылы 28 тамызда Елбасы Н.Назарбаевтың тап­сыр­масымен бекітілген Мем­лекеттік жастар тұжы­рым­дамасында көрініс тапқан.

Президент «Қа­зақ­стан-2050» Стратегиясында әр онжылдық сайын негізгі жеті ба­сым­дықтың орындалуы бойынша бөлек жос­парлардың қабылданатынын жеткізіп, XXI ғасырдың 10 ең толғақты мәселесіне тоқталған болатын. Иә, Елбасы атап көрсеткен бұл мәселелер шын мәнінде маңызды. «Қазақстан орта ғасырдан алтын ғасырға қадам басуы қажет», деген Елбасының сөздері әрбір қазақстандықтың алдына қойылған міндет деп білемін. Біз жаңаруымыз қажет. Әсіресе, жастарда жаңа көзқарастар қалыптасуы тиіс. Жаңа бастамаларды, жаңа идеяларды тудыратын, іске асыратын – жастар.

Абзал ӘЛІҚҰЛОВ,

Оңтүстік Қазақстан облыстық жастар

саясаты мәселелері басқармасының басшысы.

ШЫМКЕНТ.

 

Соңғы жаңалықтар