Руханият • 13 Қаңтар, 2021

Ақтоты Райымқұлова Мұхтар Әуезов атындағы драма театрын мерейтойымен құттықтады

664 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Бүгін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Алматыда Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының 95 жылдығына және «Ұлттық» мәртебесін иеленуіне арналған салтанатты іс-шараға қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Мәдениет министрлігіне сілтеме жасап.

Ақтоты Райымқұлова Мұхтар Әуезов атындағы драма театрын мерейтойымен құттықтады

Сонымен қатар жиынға М. Әуезов атындағы Қазақ Ұлттық драма театрының көркемдік жетекшісі Асанәлі Әшімов, М. Әуезов атындағы Қазақ Ұлттық драма театрының директоры Еркін Жуасбек, Абай атындағы Қазақ Ұлттық опера және балет театрының директоры Ая Қалиева, М.Лермонтов атындағы Ұлттық орыс драма театрының директоры Юрий Якушев, Құрманғазы атындағы Ұлттық халық аспаптар оркестрінің директоры Медет Қуанышев, ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Бақытжамал Оспанова, Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының директоры Азамат Сатыбалды қатысып, баяндама жасады.  

1

Айта кетейік, өткен жылдың аяғында Мемлекет басшысы Қасым−Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бірқатар өнер ошағына «Ұлттық» мәртебесі берілген еді.

Іс-шара барысында министр қазақ мəдениетін байытуға үлес қосып келе жатқан бірқатар театр қызметкерін марапаттады.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі:

  1. Сымбат Ізболқызы Гениярова − «М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры» РМҚК режиссердің көмекшісі
  2. Саяжан Дәуітбайқызы Реал Бланко − «М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры» РМҚК жоғары дәрежелі артист
  3. Лейла Ғалымжанқызы Құрманалинова − «М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры» РМҚК көрермендерге қызмет көрсету бөлімінің ілеспе аудармашы;

Мәдениет және спорт министрінің Құрмет грамотасы:

  1. Жуасбек Еркін Тілеуқұлұлы − «М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры» РМҚК директоры;
  2. Жалғас Қонысбайұлы Толғанбай − «М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры» РМҚК директорының шығармашылық жөніндегі орынбасары;
  3. Асанәлі Әшімов − «М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры» РМҚК көркемдік жетекшісі;
  4. Есмұхан Несіпбайұлы Обаев − «М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры» РМҚК кеңесшісі;
  5. Сәбит Қонырбайұлы Оразбаев − «М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры» РМҚК жоғары дәрежелі артисі;
  6. Тұңғышбай Қадырұлы Жаманқұлов − «М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры» РМҚК жоғары дәрежелі артисі;
  7. Төлеубек Аралбай − «М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры» РМҚК жоғары дәрежелі артисі
  8. Саят Мерекеұлы − «М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры» РМҚК жоғары дәрежелі артисі;
  9. Айдос Жұмаділдіұлы Бектемір − «М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры» РМҚК жоғары дәрежелі артисі;
  10. Мұрат Нұрасылов − «М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры» РМҚК жоғары дәрежелі артисі;
  11. Бауыржан Есқожаұлы Қаптағай − «М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры» РМҚК жоғары дәрежелі артисі;

Мәдениет және спорт министрінің Алғыс хаты:

  1. Елжан Берліғожаұлы Тұрысов − «М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры» РМҚК жоғары дәрежелі артисі;
  2. Ермек Мұратұлы Бектасов − «М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры» РМҚК жоғары дәрежелі артисі;
  3. Аридаш Амангелдіқызы Оспанбаева − «М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры» РМҚК қоюшы−режиссері;
  4. Балауса Ерікқызы Әбдіманапова − «М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры» РМҚК тігін цехының меңгерушісі;

Осыдан кейін Ақтоты Райымқұлова өз сөзінде «Ұлттық» мәртебесіне ие болған өнер ошақтарын құттықтай келе өткен жылы атқарылған жұмыстың бір парасымен таныстырды.

1

«Біз өткен 2020 жылы алдымызға бірқатар маңызды міндеттер қойып, абыроймен орындадық. Мысалы, Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру шеңберінде 1 қаңтардан бастап мәдениет және архив ұйымы қызметкерлерінің жалақысы республикалық деңгейде 50%-ға, өңірлерде 35%-ға дейін өсті. Жалпы мұндай өсім республика бойынша шамамен 34 мың адамды қамтыды.  Бұл бағыттағы жұмыстар одан әрі өз жалғасын табатын болады. Ал өткен жылдың 1 қаңтарына бастап мәдениет және спорт саласындағы мамандандырылған мектеп пен колледж қызметкерлерінің жалақысы жыл сайын 2023 жылға дейін 25%-ға ұлғайып келеді.

Мәдениет мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер енгізіліп жатыр. Заң жобасы кітапхана ісі, мәдениет ұйымдары, шығармашылық одақтардың, баспа ісі мен концерттік қызмет саласын дамыту үшін қолайлы жағдай жасауға, көрерменді мәдени-көпшілік іс-шараларды өткізу кезінде музыкалық шығарма орындаушылардың фонограмманы пайдаланатыны жайлы міндетті түрде хабардар етуге бағытталған.

1

Сонымен қатар аталған заңнаманың маңызды нормасының бірі – ол бұдан былай квазимемлекеттік сектордағы акциялары мемлекетке тиесілі мәдениет ұйымдарын жекешелендіруге жол берілмейді. Өздеріңізге белгілі бұл мәселе «Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамын жекешелендіруге байланысты туындаған болатын. Қазіргі таңда бұл мәселе осы Заң аясында шешімін тауып, енді «Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамы жекешелендіруге жатпайтынын мәлімдеймін», деді.

Сондай-ақ министр «Ұлттық театрға 95 жыл» атты мерекелік концерт пен «Абайдың жұмбағы» драмасының премьерасына қатысты.