Аймақтар • 13 Қаңтар, 2021

2020 жылы Байқоңыр қаласында бір де-бір кісі өлтіру оқиғасы тіркелген жоқ

364 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Байқоңыр қаласында және ғарыш айлағында 2020 жылы бір де-бір кісі өлтіру оқиғасы тіркелмеген және қылмыстардың жалпы саны 2019 жылмен салыстырғанда 18,6% төмендеген, деп хабарлайды Egemen.kz Байқоңыр кешені прокутаурасына сілтеме жасап. 

2020 жылы Байқоңыр қаласында бір де-бір кісі өлтіру оқиғасы тіркелген жоқ

Қалада 2019 жылы қасақана адам өлтірудің бес оқиғасы тіркелген болатын. 2020 жылы мұндай оқиға болмаған. Дегенмен аймақта зорлық көрсету және тонау оқиғалары бұрынғы көрсеткішпен бірдей. 

Жалпы, қадағалау органы тіркелген қылмыстар деңгейінің төмендеуін айтып отыр. Егер 2019 жылы қылмыстың саны 655 болса, 2020 жылы тек 533 оқиға тіркелген. 

Мұның себептерінің бірі - Байқоңыр аумағында COVID-19 таралуын болдырмау үшін қабылданған қатаң шаралар. Атап айтқанда түнгі уақытта жүруге тыйым салу және азаматтардың қоғамдық орындарда көп жиналмауы.