Серік Бердімұратұлы 1994 жылы Моңғол елінің Бай-Өлке аймағында дүниеге келген. Жасы 30-ға жетпей-ақ біраз биіктерді бағындырып үлгерді. Атап айтқанда: самбо күресінен жастар арасында әлем чемпионатының екі дүркін (2010, 2011), ересектер арасында бір дүркін (2019) қола жүлдегері, жасөспірімдер арасында сумо күресінен Жапония ашық біріншілігінің (2011) қола жүлдегері және жастар арасында әлем чемпионы (Гонконг, 2012). Моңғолдың ұлттық күресінен «Мемлекеттік Лашын» (2018) және белбеу күресінен студент-жастар арасында Азия біріншілігінің күміс медаль иегері (2013). Дзюдодан ересектер арасында Моңғолияның екі дүркін (2018, 2019) жеңімпазы. Қазақ күресінен «Еуразия барысының» (2013) күміс және «Әлем барысының» қола жүлдегері атанған талантты қазақ ұланы.

Арыстардың ізімен...
Моңғолиядағы қазақтар арасынан шыққан талантты спортшылар баршылық. Мәселен, 1964 жылы Токио Олимпиадасына қатысқан желаяқ Алданыш Рамазанқызы дейтін апайымыз 1963 жылы 800 метрге жүгіруден әйелдер арасында Моңғолияның жаңа рекордын (2.10, 07) жасаған болатын. Бұл көрсеткіш арада жарты ғасыр өтсе де бұзылған жоқ. Бұл кісі қазақ қыздары арасынан дүние жүзі бойынша Олимпиадаға қатысқан алғашқы спортшы ретінде тарихта қалды.
Сол сияқты, заманында топ жарып, тұғырға шыққан тағы бір моңғолиялық қазақ азаматы – Бақыт Однайұлы. Еркін күрес түрі бойынша аса ауыр салмақта өнер көрсетіп, 1980 жылы Мәскеу Олимпиадасына қатысқан, 1981 жылы АҚШ-тың Толида қаласында өткен Әлем кубогында қола жүлдеге қол жеткізген көрнекті балуан.
Жоғарыдағы екі спортшының ізін басып, лашындап ұшқан жас сұңқардай боз кілемнің үстінде шүйгін салып, көк айдында суылынан жалын иісі бұрқырап лапылдаған ителгі құстай тепкісі тас үгітер тұлпар тұяқты жас өрен Серік Бердімұратұлы қанат қағып, жетіліп келеді.
Айталық, 2012 жылы Шымкент қаласында жыл сайын тұрақты өтіп келе жатқан қазақ күресінен Қажымұқан атындағы халықаралық турнир кезекті жалауын көтерді. Осы жарысқа Моңғолияның атынан салмағы 90 кило 19 жасар Серік Бердімұратұлы келіп қатысты. Түбіт мұрты жаңадан тебіндеген бозбаланың қазақ күресі күртешесін тұңғыш рет кигені де осы еді. Қызық болғанда атажұрттың небір апайтөс алыптары 19 жасар Серіктің бір қаққанынан қалмай қапы кетіп жатты.
Арада бір жыл өткен соң, яғни 2013 жылы желтоқсан айының алғашқы аптасында Тараз қаласында қазақ күресінен «Еуразия барысы» дейтін дүбірлі дода ұйымдастырылды. Сегіз мемлекет мықты балуандарын үкілеп әкелді. Арасында Моңғолия да бар. Әрине, бұл ел құрамасының Серіксіз сәні кіре ме?! Ол 90 кило салмақта белдесті. «Ә» дегенде ол түркиялық танымал балуан Ердал Доғанды допша домалатты. Келесі кезеңде Серіктің жолы самбодан Ресейдің бірнеше дүркін чемпионы, Еуропа біріншіліктерінен олжа салып жүрген өте тәжірибелі балуан Дмитрий Михайловпен түйісті. Бұл жолы да ресейлік балуанды оңай еңсерді. Финалда еліміздің аса танымал балуаны Мұхит Тұрсыновпен бетпе-бет шықты. Екі мықты бірін бірі ала алмай қиналды. Ақыры жеңіс Серіктің қанжығасында кетті. Артынан Мұхит Шыңғысұлы «Серік қандай балуан екен?» деген журналистердің сұрағына: «Өте мықты балуан екен», деп жауап беріпті. Мұхит та оңай жігіт емес, қазақ күресінен Әлем кубогының иегері (2011), Азия чемпионы (2009). Ендеше осындай қуатты балуанды еңсеру екінің бірінің қолынан келе беретін шаруа емес....
Аталары аюмен алысқан
Көшпенділер де, соның ішінде қазақ халқының танымында «тектіден текті туады, атаның жолын қуады» дейтін тәмсіл бар. Демек, бозбала шағында тұлпар мініп, ту ұстаған Серіктің түп-тұқиянына үңілсек: баланың алтыншы атасы Көбеген деген адам Алтайдың күнгей бетінде өмір сүріпті. Осы Көбеңнің малының құты – ақбас атанын аю жарып кетіпті.
Әкесінің назаланғанына намыстанған үлкен ұлы Ақтай мен оның інісі Бозтай атан жарған аюды іздеп шығады. Аю да осал жау емес, әлдеқалай болуы мүмкін деп, Ақтай атамыз киімінің сыртынан сірі жарғақ киіп, екі білегіне қайыс арқан орап алады. Сөйтіп екеуі тура аюдың апанына барады. Аю ақырып тұра ұмтылғанда Ақтай қолма-қол алыса кетеді. Мақұлықтың сояудай тырнағы сірі жарғақ пен қайыстан өте қоймайды. Ағасы аюмен тіресіп тұрған сәтте інісі Бозтай жандәрмен ұзын қанжарын аюдың тақыр қолтығынан тығып үлгереді. Серік – осындағы аюмен арпалысқан Ақтай батырдың ұрпағы.
Моңғол күресі тарихындағы тұңғыш қазақ
Серік Бердімұратұлы алғашқы қадамын моңғолдың ұлттық күресінен бастаған. Ал аталған күрес жайлы айтар болсақ, оның тарихы бері дегенде 2000 жылға татиды. Жылына бір рет болатын «Надаам» атты тойында топжарған балуанның абыройын өлшеу мүмкін емес. Олимпиада чемпионы оның қолына су құюға жарамайды. Осындай құрмет пен ықыластың нәтижесінде бұл елде ұлттық күресі ерекше дамыған. Қазіргі таңда Жапонияның сумосына өз «патшалығын» орнатқан моңғол жігіттерінің алымдылығының құпиясы ұлттық күрестің жауынгерлік рухында жатыр.
Төл өнерін аса жоғары бағалайтын бұл халықтың арасында ұлты басқа жігіттің топ жаруы өте қиын. Құпияламай анығын айтқанда, моңғолдар ұлттық күрес тұғырына жат жұрт баласының қонақтауын қорлау деп түсінеді. Міне, осындай кереғар көзқарасты жапыра жайпап, біздің бала 2012 жылы жоғары топтағы жасөспірімдер арасында чемпион атанды және келесі 2013 жылы жастар арасында екінші орынға ие болды. Мұндай жетістік ондағы қазақтардың тарихында бұрын-соңды болған емес. Демек, моңғол күресінің тарихына жаңадан сүрлеу салған – Серік Бердімұратұлы.
Енді бұған бауырымыздың дзюдо күресінен 2009 жылы ел чемпионы атанып, 2010 және 2012 жылдары самбо күресінен жастар арасында тағы да топ жарғанын, сөйтіп әлем біріншілігіне қатысып қос қола медаль қанжығалап келгенін қосып қойыңыз... Осы екпінмен желдей есіп жылына бір рет өтетін мемлекеттік «Надаам» тойында 2018 жылы небір алыптарды алып ұрған Серік «Мемлекеттік Лашын» атанды.
Сумоның сұлтаны
Бір қызығы, Серіктің көзіне күрес көрінсе болғаны шешініп тастап белдесе береді. Мысалы, өзбектің курашынан Ұлан-Батыр қаласының чемпионы атанса, татардың белбеу күресінен «Қазан-2013» универсиадасында жеңістің екінші тұғырына көтерілгені бар. Бұған соңғы екі жылда самбо және дзюдо күрестерінен 100 килоға дейінгі салмақта ересектер арасында Моңғолия чемпионы болғанын қосыңыз.
Бұл аз десеңіз, 2011 жылы телегей теңізді кешіп өтіп, Жапонияда өткен сумошылар чемпионатына қатысты. 17 жасар бозбала небір алыптармен аянбай айқасып, қола жүлдеге қол жеткізді. Дәл осы тұста жапондық күрестің ғұламасы Ояката Такасаганың қырағы көзі Серікті шалды. Бұл бапкер бұған дейін ұлты моңғол Дагвадорж деген баланы жаттықтырып, 25 дүркін ел чемпионы атандырған және «Асашеорюу» дәрежесіне жеткізіп, күллі ғаламға әйгілі еткен.
Ояката бапкер Серікке жатып келіп жалынады. «Жапонияда қал, құдай бұйырса сенің дүниені дүр сілкіндіретін сумошы болатын түрің бар, тірі адамға не қажеттің бәрін жасаймын». Бұл кез келген балуанға айтылатын сөз емес, әрі жапондық бапкер көлденең көк аттыға жалынбайды да. Бірақ ол бас тартқан.
Сөйтіп «сумосы құрысын» деп Күншығыс елінен аттанған Серік келесі 2012 жылы қазан айының 27-28 күндері Гонконг қаласында сумо күресінен әлем жеңімпаздарын анықтайтын кезекті чемпионатқа шақырту алды. Бұл – екі жылда бір дүркін өткізіліп тұратын аса мәртебелі жарыс. Бұл жолы 18-рет жалауын көтерген чемпионатқа әлемнің 40 елінен 200-ден астам сумошы келіп күш сынасты.
Аталған әлем чемпионатында 100 кило салмақта Моңғолия намысын қорғаған Серік «ә» дегенде жергілікті сумошыны жығып, келесі белдесуде грузин балуанымен жолы түйісті. Оны да жеңген жас жігіт өз тобының шешуші сынында ресейлік балуаннан айласын асырды. Сөйтіп соңғы чемпиондық титул үшін жапондық балуан, студенттер арасындағы әлем чемпионы Онами Ашихашимен күш сынасты. Бар-жоғы екі минуттың ішінде жапонды айқын басымдықпен жеңген Серік Бердімұратұлы әлем чемпионы атанды. Яғни аты сумо күресінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ ретінде тарихта қалды.
Қоғам • Бүгін, 08:17
Қырғызстан үкіметі отставкаға кетті
Саясат • Бүгін, 08:10
Экономика • Бүгін, 08:07
«Достлуг» Каспийдегі достықты нығайтады
Саясат • Бүгін, 08:05
Нарық үшін нағыз бәсеке енді басталады
Экономика • Бүгін, 08:05
Байден билігі: «Үмітке толы күн»
Әлем • Бүгін, 08:03
Қазақ журналистикасының қара нары
Қоғам • Бүгін, 08:00
Ұлт қасіретін арқау еткен туынды
Кино • Бүгін, 07:57
Саясат • Бүгін, 07:54
Ахуалың қалай, ауылдағы ағайын?
Ауыл • Бүгін, 07:52
ЕО-ЕАЭО: Еуроодақпен ынтымақтастықты дамытудан ұтарымыз көп
Саясат • Бүгін, 07:50
Пікір • Бүгін, 07:45
Ойыл өзенінің орнын сипап қалмайық
Қоғам • Бүгін, 07:41
Қоғам • Бүгін, 07:37
Оқиға • Бүгін, 07:34
Таным • Бүгін, 07:33
Наурыз Қылышбаев: Қазақ әлемге қаласымен емес, киелі даласымен танылған
Сұхбат • Бүгін, 07:31
Абай • Бүгін, 07:26
Бокс • Бүгін, 07:25
Биыл шалғай өңірлерде 13,9 шақырым жол жөнделеді
Аймақтар • Кеше
Футзалдан Чемпиондар лигасының жеребесі тартылды
Футбол • Кеше
Қазақстан мен Қытай елшілері келіссөз жүргізді
Саясат • Кеше
Сергей Лавровқа І дәрежелі «Барыс» ордені табыс етілді
Қазақстан • Кеше
«Алматы – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі туралы талқыланды
Аймақтар • Кеше
Алматыда карантинді бұзғандарға 3,5 млн теңге айыппұл салынды
Президент • Кеше
«Ордабасының» бас бапкері тағайындалды
Футбол • Кеше
Түркістанда 72 сыбайлас жемқорлық қылмысы анықталған
Оңтүстік Қазақстан • Кеше
Спорт • Кеше
Атырауда шағын несие беретін кеңсені тонап кетті
Аймақтар • Кеше
Моңғолияның үкімет басшысы отставкаға кетті
Әлем • Кеше
FlyArystan наурызда бес жаңа әуерейсін іске қосады
Қоғам • Кеше
Ертең бірнеше өңірде тұман түсіп, қар жауады
Қазақстан • Кеше
Үш киікті сойып алған браконьерлер ұсталды
Аймақтар • Кеше
Алаш аманатын арқалаған «Ақ жол»
Тарих • Кеше
Түркияда Эрзурум қаласындағы мектепке Әл-Фараби есімі берілді
Руханият • Кеше
Президент: Басты міндетіміз – әйелдер мен балалар құқығын қорғау
Президент • Кеше
Туған күн атап өткен үш жігіт аялдамалардағы әйнекті сындырған
Аймақтар • Кеше
Отандық телевизияның контенті мен сапасын күшейту керек - А.Балаева
Қазақстан • Кеше
«Ордабасы» клубына бас бапкер тағайындалды
Футбол • Кеше
Түркістан облысында прокуратура органдарына жаңа басшылар келді
Тағайындау • Кеше
Сайт арқылы танысқан ер адам теміртаулық келіншекті тонап кетті
Аймақтар • Кеше
1 ақпаннан бастап Қазақстанда қандай банкноттар қабылданбайды?
Қазақстан • Кеше
Қазақстанда ет қоры жеткілікті – АШМ
Қазақстан • Кеше
Қазақстанның Инженерлік әскерлерінің құрылғанына – 29 жыл
Қазақстан • Кеше
Қайырымдылыққа арналған қораптағы ақша қолды болды
Аймақтар • Кеше
Алматыда студенттерге арналған екі жатақхана салынады
Аймақтар • Кеше
Әйел басқарған қылмыстық топ ұсталды
Аймақтар • Кеше
Ақан Сатаев парақорлар туралы бейнеролик түсірді
Кино • Кеше
Алматыда студенттерге арналған 1,7 мың орындық ғимарат салынады
Аймақтар • Кеше
Қырғызстан үкіметі отставкаға кетті
Әлем • Кеше
Асқар Мамин Түркістан қаласының даму барысын тексерді
Аймақтар • Кеше
Алаяқтық жолмен 80 миллион теңге алған күдікті әйел ұсталды
Аймақтар • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей елшісін "Достық" орденімен марапаттады
Президент • Кеше
ШҚО-да өткен жылы жемқорлық саны артқан
Қоғам • Кеше
Алматыда ағаш қоймасынан өрт шықты
Оқиға • Кеше
Қысқы туризм табыс көзіне айналып келеді
Туризм • Кеше
ҰБТ-2021: Алғашқы күннің қорытындысы қалай болды?
Қазақстан • Кеше
«Қазмұнайгаз» 2020 жылы қаржылық тұрақтылықты арттырды
Қазақстан • Кеше
Ұқсас жаңалықтар