Видео • 14 Қаңтар, 2021

Шымкентте ұландықтар жеңіл көлік жарылысының алдын алды

138 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Ұлттық ұланының баспасөз қызметі хабарлады.

Шымкентте ұландықтар жеңіл көлік жарылысының алдын алды

Қаңтардың 13-і күні кешкісін қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етіп жүрген Ұлттық ұлан 6506 әскери бөлімінің жауынгерлері көшелердің бірінде өртеніп жатқан «Lada Рriora» маркалы көлігін байқайды. Патрульдік топ жетекшісі қатардағы Ерғазы Қайыпов бұл туралы дереу әскери жасақтар бойынша кезекшіге хабарлап, оқиға орнына 101 қызметін шақырады. Өрт сөндіру тобы келгенше ұландықтар аймақты қоршауға ала бастайды. 

1    - Біз көше тәртібін қадағалап жүргенбіз. Кенеттен сол жағымызда орналасқан көліктің жана бастағанын көрдік. Ойланатын уақыт болмады. Бірден аймақты қоршауға алдық. Адамдарға қауіп төнбес үшін дереу қимылдау керек болды, - дейді қатардағы Ерғазы Қайыпов. 20 минут көлемінде ұландықтар өрт сөндіру тобымен бірге тілсіз жаумен күресіп, оны толықтай өшірген. Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталып жатыр. Жеңіл көлік иесі әскерилерге жылдам көмекке келгендері үшін шынайы алғысын білдірді.