12 Желтоқсан, 2013

Инновацияға ерекше назар

213 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министрдің орынбасары – Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешевті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министрдің орынбасары – Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешевті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Ә.Исекешев министрліктің қазіргі қызметі мен Мемлекет бас­шысының тапсырмасы бойынша кәсіпкерлердің Ұлт­тық па­латасымен бір­лесіп әзірленген ин­дус­трия­­лық-инновациялық да­му­ бағдарламасының келе­сі бес­жылдық жоспарының тұ­жы­рымдамасы туралы баяндады.

Нұрсұлтан Назарбаев 2014 жылдың соңында бағдарламаның алғашқы бесжылдығы аяқталып, алға қойылған барлық міндет­тер орындалатынын айтты. Мемлекет басшысы екінші бес­жылдық жоспар аясында ин­новацияға және мүлде жаңа тәсіл­дерге ерекше көңіл аударылатынын атап өтті.

 Премьер-Министрдің орынбасары – Индустрия және жаңа технологиялар министрі тұжырымдаманы әзірлеу барысында барлық өңірлер мен салалар бойынша кешенді зерттеулер жүргізілгені туралы хабарлады. Талдау қорытындысы бойынша­ әлеуметтік-экономикалық сая­саттағы өзгерістерді қосқанда, бағдарламаны табысты іске асыру үшін қызметтің негізгі бағыттары анықталды. Сондай-ақ, мемлекеттік қолдау шаралары мен басымдығы бар секторлар тобы белгіленген. 

Суретті түсіргендер

С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Соңғы жаңалықтар