12 Желтоқсан, 2013

Елорда мәртебесін алған күн

300 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Кеше Бейбітшілік және келісім сарайында бұрынғы Ақмола қаласының еліміздің бас қаласы – астана мәртебесіне ие болуына 16 жыл толуына байланысты салтанатты концерт өтті. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 1997 жылдың 20 қазандағы Жарлығымен бұрынғы Ақмола қаласы 1997 жылдың 10 желтоқсанынан бастап  Қазақстанның астанасы мәртебесін иеленгені белгілі.

Концерттік бағдарламаға Аста­на қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов,  Парламент депутаттары, мемлекеттік органдар­дың басшылары, белгілі қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері қатысты.

Концерттің беташарында көрер­мендерге Аста­наның елорда мәртебесін алу күнін мерекелеуге арналған деректі фильм көрсетілді. Кеште «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының әртістері казақ және италия арияларынан құралған опералық попуррилер шырқады.

Бейбітшілік және келісім сарайы сахнасында «Музарт» тобы мен «Сарын» дуэті және әнші Еркен Кенебаев өнер көрсетті. Ал жас таланттар, «Аялаған Астана» атты вокальдық байқаудың жүл­дегерлері Роза Сәметова мен Еркеш Хасен ««Viva per lei» әнімен жұртшылықтың жүрегіне жол тапты.

Концерттік бағдарламаның соңында әртістер «Астананы бір­­­ге саламыз» әнін шырқата салды. Бұл әнді осы залға жиналып отырған «Астана таңдауы» байқауына қатыс­қан әлеуметтік сала қызмет­керлері де қосыла шыр­­­­қады. Олар жоғары бі­лік­­тілігімен, еселі еңбегімен елорданың гүлденуіне үлес қосып жүр. Биыл конкурс «Педагог», «Учаскелік инспектор», «Дәрі­гер», «Жолшы», «Құры­лысшы», «Энергетик» аталымдары бойынша өткізілген болатын. Бай­қаудың ерекшелігі сол, жеңім­паздарды тұрғындардың өздері Астана әкімдігінің www.astana.kz. сайты арқылы онлайн-дауыс беру арқылы таңдады.

«Егемен-ақпарат». 

Соңғы жаңалықтар