«14 қаңтарда сағат 11:27-де Алматы облысы ТЖД Талдықорған қаласы, «Мушелтой» шағынауданы, 28 үйдің төртінші қабатындағы пәтер өртенгені туралы хабарлама келіп түсті. Алматы облысы ТЖД қызметкерлері жанып жатқан пәтерден 4 адамды құтқарды.Оның ішінде екі бала болды (1981 жылғы ер адам, 1984 жылғы әйел адам және 2015, 2019 жылғы екі бала), олар Талдықорған қаласындағы облыстық және көпсалалы балалар ауруханасына жатқызылды», делінген Алматы облыстық ТЖ баспасөз қызметінің хабарламасында. Сондай-ақ, ТЖД мамандары 15 адам, оның ішінде 8 баланы арнайы баспалдақпен эвакуациялады.
«Өрт сағат 20 минуттың ішінде сөндірілді. Қызыл жалын 15 шаршы метр аумаққа шарпыған. (жиһаз, теледидар және заттар жанған). Өрт сөндіру және адамдарды құтқаруға Алматы облысы ТЖД-нің 27 қызметкері мен 7 техникасы, Алматы облысы ПД-нің 10 қызметкері мен 4 техникасы, қаланың авариялық және шұғыл қызметтерлері жұмылдырылды.
«Өрттің шығу себебі темекі шегу кезінде отты абайсыз қолдану болды», деп толықтырды ТДЖ баспасөз қызметінен. Құтқарушылар азаматтардан өрт қауіпсіздігін сақтауды, жас балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмауды және төсекте темекі шекпеуді ескертеді.