Аймақтар • 14 Қаңтар, 2021

Алматыда үшінші теміржол вокзалының құрылысы басталады

540 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласының шеткі аймағында Алматы-3 теміржол вокзалын салу жоспарланып отыр. Бұл туралы «Транспорттық инфрақұрылым» тақырыбы аясында өткен «Алматы бас жоспарын түзету» жобасының кездесуі кезінде айтылды. Egemen.kz бұл туралы krisha.kz сайтына сілтеме жасай отырып хабарлады.

Алматыда үшінші теміржол вокзалының құрылысы басталады

Осыған дейін «Қазақстан темір жолы» АҚ Алматы-3 вокзалын салу туралы ұсыныс жасаған. Жүк және жолаушылар пойыздарының ағынын жеңілдету үшін станса керек. Саин көшесі барып тіреліп жатқан Боралдай ауданында магистарлды жол салуды және Алматы-3 вокзалын қаладан батыс бағытқа қарай салуды ұсынамыз. Ол жерде станса керек, енді вокзал тұрғызу керек. Осылайша, бүкіл батыс өңір қамтылатын болады. Алатау және Наурызбай ауданының тұрғындары Алматы-2 вокзалына келмей-ақ қалаға кіре алатын болады. Осылай біз негізгі вокзалды қиындықтан құтқарамыз және Баум тоғайы арқылы өтіп, экологиялық заңнаманы бұзуы мүмкін екінші теміржол тармағын салудан құтыламыз, – дейді Алматыгипрогор-1 ЖШС бас директорының орынбасары Алтай Сатыбалдиев.

Оның айтуынша, Алматы теміржол торабының жалпы ұзындығы 69 шақырым. Алматы-1 мен Алматы-2-ні қоса есептегенде торап құрамына 9 станса кіреді. Қазір қала агломерациясын дамыту бойынша бірқатар жобаларды жүзеге асыру жоспарланған. Оның ішінде Алматы-1 – Алматы-2 желісінде екінші жол құрылысын; Алматы-2 стансасында қала маңындағы теміржол тасымалы үшін вокзалы құрылысын; Алматы-1 – Талғар бағытында жүк және жолаушылар теміржол торабының құрылысын; Алматы – Ұзынағаш трамвай желісі құрылысын салу жоспарланып отыр.