12 Желтоқсан, 2013

Елімізде 1 мың теңгелік жаңа банкнот шығарылды

410 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

12 12-banknot-1

Бүгін, 12 желтоқсан күні елімізде 1 мың теңге номиналында жаңа банкнот шығарылды. Ол «Күлтегін» түркі жазба ескерткішіне арналған. Бұл туралы Kapital.kz іскерлік порталы хабарлады.

Жаңа банкнот түсі – қоңыр-сары, 134x70 мм көлемді қағазға басылған. Оның оң тұсында «Қазақ елі» монументі және сол жағында төменде ұшып бара жатқан кептерлер бейнеленген. Ал ортасының сол жақ бұрышында Күлтегін ескерткішінің бір бөлігі тұр. Жоғарғы жағынан Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері – герб пен жалау орын алған. Сол жағының жоғары тұсына номинал цифрлық таңба мен оның астына мемлекеттік тілдегі ескертпе жазу берілген. Онда: «Банкноттарды қолдан жасау заңмен қудаланады», деп жазылған. Сол жақ тік көлбеуінен номиналдың мемлекеттік тілде әріп таңбасымен жазылған құнын және «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген анықтамасын оқи аласыздар.

 

12 12-banknot-2Банкноттың келесі бетінде бейнелердің басым бөлігі көлбеу сызықтармен бедерленген. Ол тұстан түркі жауынгерлерінің тасқа салынған бейнелерін, артқы планда түркі жазбасының ескерткішін көре аласыздар. Сол жақ төменде және оң жақ жоғарыда банкнот номиналының цифрлық таңбалары орын алған. Сол жақта ені 12 мм голографиялық белдеулер, онда мемлекеттік жалаудың фрагменттері, Ұлттық банк логотипі мен «Ескерткіш теңге» деген жазу тұр. Орта тұстың жоғарысына  «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деп жазылған. Сонымен бірге, орыс тіліндегі «Подделка банкнот преследуется по закону» деген ескертпе мен төменде номиналдың цифрлық таңбасы орын алған.

12 12-banknot-3Ескерткіш банкноттың таралымы-10 млн. дана.

Дереккөз: Kapital.kz

Соңғы жаңалықтар

Бүгін ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Бүгін, 10:42

Арандатудан сақ болған жөн

Пікір • Бүгін, 09:40

Жаңа жоба – қоғам талқысында

Реформа • Бүгін, 09:20

«Е-АӨК» платформасы іске қосылады

Шаруашылық • Бүгін, 08:58