Хромтау ауданы, Аққұдық ауылының жанындағы тас жолда 35 жастағы KIA автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы жолаққа шығып кетіп, Әйтеке би ауданының орталық аудандық ауруханасына тиесілі «Уаз» автокөлігімен соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан жедел медициналық жәрдем жүргізушісі мен жолаушы, яғни орталық аймақтық аурухананың қызметкері, дене жарақаттарымен Хромтау облыстық ауруханасына жеткізілді. Бірнеше сағаттан кейін 58 жастағы әйел есін жимастан қайтыс болды. Жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.