Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021

Шығыс Қазақстанда шектеу шаралары ұзартылады

176 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысында Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері міндетін атқарушының жаңа қаулысы шықты, деп хабарлайды Egemen.kz

Шығыс Қазақстанда шектеу шаралары ұзартылады

Қаулыда өңір бойынша карантиндік шектеулер 31 қаңтарға дейін ұзартылды. Шектеу шараларының мерзімі облыс аумағында COVID-19 инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін.

«Санитариялық-дезинфекциялық режимді күшейте отырып, арнайы, мамандандырылған ұйымдар, ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттар, жалпы үлгідегі және дарынды балаларға арналған мектеп-интернат қайта ашылады. Медициналық ұйымдарда, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік объектілерде, балалар үйлерінде, әлеуметтік оңалту орталықтарында санитариялық-дезинфекциялық режімді сақтау жалғасады», делінген құжатта.

Білім беру мекемелерінде қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысына рұқсат берілді. Бірақ ондағы келушілер саны 30 пайыздан аспауы тиіс.