Табиғаттың тосын мінезінің салдарынан Қапанбұлақ ауылындағы мектептің шатыры да бүлінген.
Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері желдің қатты соғуына байланысты тұрғындарды қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.
- Елді мекендерден тыс жерлерге шықпауға кеңес береміз. Электр қуатының өшуіне дайын болыңыз. Ауылдық жерде тұрсаңыз, екі күндік су, тамақ, дәрі-дәрмек, шамдар мен қолшамдарды, қар тазалауға арналған керек-жарақтарыңызды дайындап қойыңыздар. Далаға шықсаңыздар, абай болыңыздар! Автокөліктерді ағаштардың түбіне қоймаңыздар, - деседі мамандар.
Шығыс Қазақстан облысы
Жарма ауданы