Үкімет • 18 Қаңтар, 2021

Премьер-Министрдің кандидатурасын ұсынды

247 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Президенті Парламент Мәжілісінің жалпы отырысына қатысты. Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің жалпы отырысының алдында фракциялардың жетекшілерімен кездесті.

Премьер-Министрдің кандидатурасын ұсынды

Қазақстан Президенті Конс­ти­туцияда бекітілген тәртіпке сәй­кес Премьер-Министрдің лауа­зымына ұсынылатын кандидату­раны депутаттық фракция жетек­шілерімен ақылдасты.

Мемлекет басшысы Парламент Мәжілісінің отырысында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын қорытындылап, атқарушы билік тар­мағының пандемия салдарынан болған жаһандық дағдарыс жағ­дайындағы іс-әрекетіне баға берді.

– Үкімет дағдарысқа қарсы жос­парды тиімді жүзеге асырды. Соның арқасында жұмыссыздықтың көбеюіне, халық табысының жаппай төмендеуіне жол берілген жоқ. Бұл шаралар тиімді болды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар Мемлекет бас­шысы еліміздегі негізгі макроэ­ко­номикалық көрсеткіштердің тұрақты және қаржы жүйесінің орнықты екенін атап өтті.

Қазақстан Президенті Үкімет пен Мәжілістің жаңа құрамы эко­номиканың ұзақ мерзімді өсімін қамтамасыз етуге және халықтың әл-ауқатын жақсартуға баса көңіл бөлуі тиіс екенін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңа Үкі­меттің тиімді және үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында ел Конституциясының 44-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі лауазымына тағайындауға келісім беруі үшін  Асқар Маминнің кандидатурасын Парламент Мәжілісінің қарауына ұсынды.

Мемлекет басшысы өзінің ше­шімін түсіндіре келе, Асқар Ма­мин­нің білікті әрі тәжірибелі, еңбек­қор, талапшыл және парасатты мем­лекеттік қызметші екенін атап өтті. 

– Ол алдымызда тұрған мақсат-міндеттерді жақсы түсінеді. Оның Үкіметтегі нәтижелі жұмысы – со­ның айқын дәлелі, – деді Президент.

Жиын соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс депутаттарына өзі ұсынған кандидатураны қолдағаны үшін ризашылығын білдіріп, Асқар Маминді жауапты лауазымға тағайындалуымен құттықтады.

Соңғы жаңалықтар