Спорт • 18 Қаңтар, 2021

Оберхофтағы сәтсіздік

149 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Германияның Оберхоф қаласында өтіп жатқан биатлоннан Әлем кубогының алтыншы кезеңінің кезекті жарыс күні қыз­дар арасындағы эстафетамен аяқ­талды.

Оберхофтағы сәтсіздік

Өкінішке қарай, Қазақстан спортшылары жарысты бастағанымен мәреге жете алмады. Өйткені көшбасшы құрамалардың уақыт көрсеткішінен әлдеқайда артта қалып қойған болатын. Қазақстанмен қатар Жа­пония, Оңтүстік Корея және Словения құра­­малары да жарысты аяқтаған жоқ. Эста­­фетада Қазақстан атынан Елизавета Бель­­ченко, Людмила Ахатова және Анас­тасия Кондратьева қатысты. Ал Галина Вишнев­ская команданың айып уақыты көп болған­дықтан, жарыс жолына шыққан жоқ.

Қыздар арасындағы эстафетада Германия спортшылары топ жарды. Екінші орынға Беларусь құрамасы жайғасса, үздік үштікті швециялықтар түйіндеді.