Әлем • 18 Қаңтар, 2021

Әлемде 95 миллионнан астам адам коронавирус жұқтырды

206 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Johns Hopkins университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандардың саны 95 миллионнан асты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлемде 95 миллионнан астам адам коронавирус жұқтырды

Университеттің мәліметі бойынша, әлемде 95 003 533 адам коронавирус жұқтырды, оның 2 029 938-і қайтыс болды. Инфекцияның ең көп анықталған жағдайлары АҚШ-та (23 928 643), одан кейін Үндістан (10 557 985) және Бразилияда (8 488 099) тіркелді.

Еске сала кетейік, Қазақстанда 169 099 адам коронавирус жұқтырды, 153 503 науқас жазылып шықты, 2349 адам қайтыс болды.