«Қазақстанның 264 мильден астам биіктіктен көрінісі», делінген фотосуреттің сипаттамасында. Кадрдан қаланың жарық шамдарын ғана байқауға болады.
Айта кетейік, Халықаралық ғарыш станциясы (ХҒС) - бұл көп мақсатты ғарыштық зерттеу құралы ретінде қолданылатын орбиталық станция; 1998 жылдан осы уақытқа дейін жұмыс істеп келеді.
ХҒС - бұл 14 ел: Ресей, АҚШ, Жапония, Канада және Еуропалық ғарыш агенттігінің мүшелері Бельгия, Германия, Дания, Испания, Италия, Нидерланды, Норвегия, Франция, Швейцария, Швеция қатысатын бірлескен халықаралық жоба.