«Беларусьтегі қазіргі жағдай, сондай-ақ үкіметтің саясаты, демонстранттармен қарым-қатынас және Беларусьтегі адам құқықтарының бұзылуы Liqui Moly-дің сенімі мен құндылықтарына қайшы келеді. Осы себепті егер IIHF комитеті Беларусьте жарыстар өткізу туралы шешім қабылдаса, компания шайбалы хоккейден әлем чемпионатына демеушілік көрсетуден бас тартады», деді неміс компаниясының өкілдері.
«Біз 28 жыл бойы IIHF әлем чемпионаттарының серіктесі болғанымызды мақтан тұтамыз. Бірақ біз адам құқықтарын құрметтейміз және қолдаймыз. Сондықтан Skoda жарыс Беларусьте өтетіні расталса, 2021 жылғы шайбалы хоккейден әлем чемпионатына демеушіліктен бас тартады», делінген автоөндірушінің хабарламасында.
Nivea компаниясының өкілдері де осындай мәлімдеме жасады.
2017 жылы қабылданған халықаралық хоккей федерациясының (IIHF) шешімі бойынша 2021 жылғы әлем чемпионаты Минск пен Ригада 21 мамырдан 6 маусымға дейін өтуі керек еді.
Алайда Беларусьтері саяси жағдайға және Беларусь Денсаулық сақтау министрлігінің COVID-19 туралы жалған статистика бергеніне күдіктенуіне байланысты Еуропаның бірқатар елі Беларусьте жарыс өткізуге қарсы шықты.