Қазақстан • 18 Қаңтар, 2021

Теміржол билеттері қымбаттайды

564 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Барлық әлеуметтік маңызы бар бағыттардың теміржол билеттері 1 наурыздан бастап қымбаттайды, деп хабарлайды Egemen.kz railways.kz сайтына сілтеме жасап. 

Теміржол билеттері қымбаттайды

«Тасымалдаушының әлеуметтік маңызы бар маршруттар бойынша жолаушыларды тасымалдауға байланысты шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялауға арналған келісімдерге сәйкес, 2021 жылдың 1 наурызынан бастап жолаушыларды теміржол көлігімен тасымалдау құнын аймақаралық және қала маңы байланыстарындағы барлық әлеуметтік маңызды бағыттар бойынша 7% индекстеу жоспарланған», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, 2018 жылдан 2020 жылға дейін «Жолаушылар тасымалы» АҚ 159 вагон сатып алған. Олар келесі бағыттар бойынша жолаушылар пойыздарын жаңартқанын хабарлады: Алматы - Маңғыстау, Нұр-Сұлтан - Сарыағаш, Атырау - Нұр-Сұлтан, Атырау - Алматы, Нұр-Сұлтан - Арқалық, Атырау - Маңғыстау, Алматы - Жезқазған, Нұр-Сұлтан - Семей.