13 Желтоқсан, 2013

Жарнамаға зәру емес

260 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Менің ойымша, «Егеменге» жазылу керек деп, оған жарнама жасаудың қажеті жоқ. Еліміздің бас басылымы мұндай жарнамаға зәру емес деп санаймын. «Егемен» онсыз да оқылады. Өйткені, мұнда оқымаса болмайтын, тіпті оқытпасыңа қоймайтын материалдар жеткілікті.

Менің ойымша, «Егеменге» жазылу керек деп, оған жарнама жасаудың қажеті жоқ. Еліміздің бас басылымы мұндай жарнамаға зәру емес деп санаймын. «Егемен» онсыз да оқылады. Өйткені, мұнда оқымаса болмайтын, тіпті оқытпасыңа қоймайтын материалдар жеткілікті.Тағы бір басын ашып айтатын мәселе «Егемен» тек бірыңғай егде тартқан адамдардың оқитын газеті десек, қателесер едік. Бұған қоса, бүгінгі жас­тар да газет беттерінен өздеріне қажетті танымдық және сараптамалық талдау тұрғысындағы сан алуан материалдармен таныса алады. Оның интернет-басылымына үңіліп, әлемде болып жатқан бірқатар оқиғалардың алдын орай отырып, шұғыл түрде берілген сайттағы сарабдал сөзіне де көз жүгірте алады.

Мемлекеттік деңгейде және рес­публика аймақтарында толғағы жеткен мәселелерді түбірімен көтеріп, қопарып жазып жүрген бір басылым осындай-ақ болар. «Сын түзелмей, мін түзелмейді» дегендей, бас басылымның осындай парасатты да пайымды сыны­­нан соң жұмысын ширатқан, сылбыр­лық пен енжарлықтан арылған жеке және заңды тұлғалар қаншама? Сондай-ақ, мұнда оқырмандар қызығып оқи­тын материалдардың бірі – жаһан жаңа­­лықтары деген ойдамын. Егер алдағы жылдары редакция алқасы бұл тақы­рыпты одан әрі тереңдете жазуға тиісті қадамдар жасаса, оқырмандар аудито­рия­сы қазіргісінен де кеңейе түседі демек­пін.

Күн сайын 12-14 бет көлемі үлкен пішіммен шығатын «Егемен Қазақстан» газетінің жазылым бағасы ұзақ жылдар бойы өсірілмей бұрынғы күйінде қалды. Бұған оның тұрақты оқырманы ретінде айғақ, куә бола аламын. Қазіргі бағасы да әлдеқайда аз бетпен шығатын кейбір республикалық және облыстық басылымдар бағасымен өлшегенде біршама арзан. Менің ойымша, салмақты басылымның бағасы да салмақты болуы керек. «Арзанның тұзы татымас» демей ме халқымыз.

Оның үстіне «Егемен» республи­­­ка­­ның барлық облыстарында басылатын бол­ғандықтан сол күні тиетін, ал шал­ғайдағы аудандарға ертеңіне жететін елдің бірден-бір басылымы екенін ұмыт­пайық. Осы арқылы күн сайын қан­шама өзімізге қажетті ақпараттар аламыз. Қан­шама өзекті де көкейкесті тақы­рып­­тар­мен бетпе-бет келеміз. Тағы да қай­талап айтамын, мұндай баға жетпес ру­­­хани дүниені жаздырып оқу – өзін қазақпын деген, ана тілін құр­мет­теген, ұлтының мүддесін діт­­­теген әрбір азаматтың парызы.

Біржан КУХАЕВ,

«Ақжайық өрендері» жастар

қоғамдық бірлестігінің төрағасы.

Батыс Қазақстан облысы,

Ақжайық ауданы.

Соңғы жаңалықтар