Әлем • 18 Қаңтар, 2021

Ресейде тұрғындарды қар басып қалды

141 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресей Федерациясы құрамындағы Қарашай-Шеркесия республикасындағы Домбай тау курортында шаңғы жолын қар көшкіні басып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

 

Ресейде тұрғындарды қар басып қалды

Төтенше жағдайлар қызметінің хабарлауынша, қар көшкіні кемі 4-12 адамға дейін басып қалған.

«Домбай кентінің Мусса-Ачитара тауында шаңғы жолына қар көшкіні түсіп, шаңғы жабдығын жалға беру пункті орналасқан екі вагон қар астында қалды, сондай-ақ дәмхана қирады. Қазіргі ақпарат бойынша, көшкін түскен кезде 4 - тен 12-ге дейін адам қар астында қалуы ықтимал», деді ақпарат көзі.

Сондай-ақ оқиға орнынан хабарлаушы қар көшкіні қолдан мәжбүрлі жасалған болуы мүмкін екендігін айта кеткен.