Спорт • 19 Қаңтар, 2021

Қазақстан құрамасы үздік ондықта

223 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресейдің Ярославль қаласында фрис­тайл-акробатикадан Әлем кубогы ке­зеңінде аралас командалық сайыс бойынша бәсекелер аяқталды. Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан 7-орынға табан тіреді, деп хабарлады ҰОК баспасөз қызметі.

Қазақстан құрамасы үздік ондықта

Аралас командалық бәсекеге Қазақстан құрамасынан Жанбота Алдабергенова, Ақмаржан Қалмырзаева және Шерзод Хаширбаев қатысты. Жарыс барысында отандастарымыз жалпы саны 239.40 ұпай жинап, бәсекені жетінші орынмен аяқтады.

Әлем кубогының қорытындысы бойын­ша Ресей құрамасының екі командасы бі­рінші және екінші орынға ие болды. Ал Швейцария командасы үздік үштікті қорытындылады.

 

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше