Теннис • 19 Қаңтар, 2021

Рейтингтегі орнын сақтап қалды

153 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Күні кеше Кәсіби теннисшілер қауым­дастығы (ATP) мен Халықаралық әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) спортшылардың әлемдік рейтингін жаңартты. Жерлестеріміздің дені АТР және WTA тізімдеріндегі өздерінің бұған дейінгі орындарын сақтап қалды.

Рейтингтегі орнын сақтап қалды

Атап атар болсақ, әйелдер арасындағы Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина бұрынғы 19-орнын сақтап қалған. Әзірге ол – қазақстандықтар арасында ТОП-20 теннисшінің қатарына енген жалғыз спортшы. Сонымен қатар Юлия Путинцева да 28-орнын ешкімге берген жоқ. Ал Зарина Диас бір орынға төмен сырғып, 81-орынға тұрақтады. Әлемдік рейтингте аустралиялық Эшли Барти көш бастап тұр.

Ерлер арасында тәуір нәтиже көрсетіп келе жатқан отандасымыз Александр Бублик әлемдік рейтингте төрт саты жоғарылап, 45-орынға жайғасты. Ол жуырда ғана Түркияның Анталия қаласында өткен АТР турнирінің финалына дейін жеткен болатын. Тағы бір жерлесіміз Михаил Кукушкин өзінің 89-орынын сақтап қалды.