13 Желтоқсан, 2013

Хоум Кредит Банкі Қазақстанның барлық аймақтарында қолжетімді болды

367 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

«Банк Хоум Кредит» АҚ ЕБ (бұдан әрі – Хоум Кредит Банкі) Қазақстанның Ақтөбе – Семей – Қостанай – Талдықорған – Қарағанды – Өскемен – Жезқазған – Тараз – Қызылорда  сияқты 9 ірі қаласында өз филиалдарын салтанатты түрде ашатыны туралы жариялады.

«Банк Хоум Кредит» АҚ ЕБ (бұдан әрі – Хоум Кредит Банкі) Қазақстанның Ақтөбе – Семей – Қостанай – Талдықорған – Қарағанды – Өскемен – Жезқазған – Тараз – Қызылорда  сияқты 9 ірі қаласында өз филиалдарын салтанатты түрде ашатыны туралы жариялады.

Бұл орайда Банк басқармасының төрағасы Владимир Гасяк: – Хоум Кредит Банкі тұрақты, қарқынды да­мып келе жатқан бөлшек сауда бан­кі әр клиентке жақынырақ болып, аймақ­тар тұрғындарына қарапайым және қолжетімді қаржы қызметтерін көр­сету үшін республиканың барлық аумақтарында өз бөлімшелерін ашады, бұл жайлы өмір үшін замануи шарт­тарының бірі болып келеді», – деді.

Филиалдардың салтанатты ашылуына аймақтағы Ұлттық Банкінің, мемлекеттік органдардың өкілдері жә­не де серіктестер мен клиенттер  шақы­рылды. Филиалдар тұсаукесеріндегі ерекше сәті – Хоум Кредит Банкінің әр аймақтағы құрметті клиенттеріне депозит ашуға 50 000 теңге көлемінде сертификат берілді.

Бүгінгі күні Хоум Кредит Бан­кіне Қазақстан Республикасының бар­лық аумағында өкілдік етілген. Банк бөлімшелерінің саны соңғы 6 ай ішін­де 2,5 есе көбейді. Осыған сәйкес клиент­теріміздің бізге білдіретін сенімі де өсуде – 2013 жылдың басынан бері клиенттер саны 30%-ға көбейді, ағымдағы шоттар мен депозиттерде орналастырылған қаражат 79%-ға өсті.

– Аса ірі «Fitch Ratings» рейтингтік агенттігімен ресми несиелік рейтингті беру, және де Хоум Кредит Банкінің теңгелік облигацияларын орналастыру үшін Қазақстан қор биржасына (KASE) шығуы банктің тұрақтылығын дәлелдейді. Ал тұрақтылық пен халық­тың сенім білдіруі алдағы табысты даму үшін негізгі өлшемдері болып табы­лады,– деп атап өтті Владимир Гасяк.

Қазіргі уақытта Хоум Кредит Банкінің қаржы өнімдері нарықтағы аса қолжетімді әрі ыңғайлы өнімдердің бірі болып табылады. Мысалы, бастапқы жарнасы 1000 теңгеден басталатын, депозиттегі ақшаны ішінара алғанде немесе толықтырған кезде ең жоғары «9.4%» сыйақысы сақталатын Хоум Кредит Банкінің «Жанды ақша» депозит­тері икемділігі мен қолжетімділігі бо­йынша ұқсасы жоқ, бұл банктің өз клиентіне бағдарлануын білдіреді. Банк жұмысының қағидасы: тез, оңай, тиімді. Қандай болсын қызметтер бойынша құжаттарды ресімдеудің ең жоғары жылдамдығы бар болғаны 20 минут ішінде.

Хоум Кредит Банкінің басты мін­деттерінің бірі – Қазақстанның әр тұр­ғынына қолжетімді әрі түсінікті болатын қаржы өнімдерін ұсыну. Бұған қоса банк адамдарды өз ақшасын сақтап, оны сауатты түрде басқаруды үйрету қажеттілігіне көп көңіл бөледі. 2012 жылдан бастап республика аймақтарында, банк қаржы сауаттылығы бойынша жұмыс жүргізді, ал ең жақын арада бұл жұмыс айтарлықтай күшейтіліп, жаңа бағыттарға ие болады.

 

Соңғы жаңалықтар