Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, адам өліміне әкеп соққан жол апаты 19 қаңтар күні таңғы сағат 7-де болды.
«№ 81 автобустың жүргізушісі Емцов көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып Рысқұлов көшесіне солға бұрылған кезде жолды кесіп өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кетті. 1974 жылы туған әйел алған жарақаттарынан оқиға орнында мерт болды», деп хабарлады полициядан.
Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.