Биылғы жылдың маусым айында Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласындағы құқық қорғау қызметкерлері астаналық кәсіпкер Ұлан Берікхановты айуандықпен өлтірді. Бұл туралы «Астана» телеарнасы хабарлады.
37 жасар кәсіпкер Ұ. Берікханов шаруашылығын кеңейту мақсатында Шығыс Қазақстан облысынан асыл тұқымды ірі қара малын сатып алмақшы болады. Аягөз аудандық ішкі істер бөлімі басшысының орынбасары қызметін атқарған Алтынбек Жұмабеков оған көмектесуге уәде беріп, жергілікті жерге шақырған. Шығысқа табаны тиген кәсіпкерді А. Жұмабеков пен қасындағы екі әріптесі қала сыртына алып шығады да, желкесінен атады. Сосын мүрдесін өртеп жіберген.
Арада бір айдан аса уақыт өткенде қанды қылмыстың беті ашылды. Тергеу амалдары мен сот отырысы бірнеше айға созылды. Сот үкімімен 3 қылмыскер де шендерінен айырылды. Қылмысты ұйымдастырушы ретінде Алтынбек Жұмабеков 22 жылға бас бостандығынан айырылса, қасындағы сыбайластары 18 жылға темір торға қамалды
Бақытбек Кенешұлы.
Дереккөз: «Астана» телеарнасы