Коронавирус • 19 Қаңтар, 2021

Өткен тәулікте шетелден ұшып келген жолаушылардан коронавирус анықталған жоқ

145 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Санитариялық - эпидемиялық бақылау комитеті өткен тәулікте елге шетелден ұшып келген жолаушылар жайында мәлімет таратты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өткен тәулікте шетелден ұшып келген жолаушылардан коронавирус анықталған жоқ

Өткен тәулікте ел аумағына Италия, Мальдив Республикасы, БАӘ, Түркия, Беларусь Республикасынан 6 халықаралық әуе рейсі келді. 878 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 746 адам, анықтамасыз 132 Қазақстан азаматы келді.

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 3 рейс, 558 жолаушы, анықтамамен - 443, анықтамасыз - 115;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 2 рейс, 181 жолаушы, анықтамамен - 165; анықтамасыз - 17;

Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 139 жолаушы, анықтамамен - 138; анықтамасыз – 1.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

2021 жылдың 17 қаңтарында анықтамасыз келген барлық 588 Қазақстан азаматының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті.