Білім • 19 Қаңтар, 2021

Шығыс Қазақстанда оқушылар қалай оқып жатыр?

277 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысында 2020 жылғы 1 қыркүйек пен 2021 жылғы 18 қаңтар аралығында 1037 оқушы коронавирус инфекциясын жұқтырған, депе хабарлайды Egemen.kz

Шығыс Қазақстанда оқушылар қалай оқып жатыр?

217 оқушы кезекші сыныптарда оқитындар, қалған 820-сы қашықтықтан білім алып жатқандар. 18 қаңтардағы ақпаратқа сәйкес 1 037 оқушының 970-і қауіпті вирустан сауығып, қазіргі таңда оқуын қайта жалғастырып жатыр.

Мектеп қабырғасында COVID-19 вирусын жұқтырған оқушы анықталған жағдайда, санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес, мектептердегі коронавирус инфекциясының ошағы болып табылатын сыныптарға қашықтықтан оқытуға ауыстыру туралы қаулы шығарылды. Қауіпті вирус анықталған барлық мектептерде эпидемияға қарсы санитариялық-дезинфекциялық іс-шаралар жүргізілді.

Облыстық Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 3 қаңтардағы №26-2 қаулысына сәйкес, 2020-2021 оқу жылының үшінші тоқсанынан бастап контингенті 300 оқушыға дейін қалалық және ауылдық мектептерде сыныптардағы балалар саны 15 адамға дейін дәстүрлі форматта оқуға рұқсат берілді.

Сыныптағы бала санын 15-тен асырмай, ата-аналардың өтініші бойынша жалпы білім беретін мектептерде 1-ден 5 (7) сыныпқа дейін қоса алғанда кезекші сыныптардың оқуына рұқсат етілген.

Оқу бітіретін сыныптар (9, 11 (12) сыныптар) аптаның 6 күні ішінде аралас оқу қолданылады: пәндердің 70%-ын штаттық режімде, 30%-ын қашықтықтан оқу форматында жүзеге асырылады.

Білім беру мекемесі әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта 5 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқытуға рұқсат берілген.