Олимпиадаға Австралия, Әзербайжан, Армения, Беларусь, Болгария, Грузия, Дания, Үндістан, Индонезия, Иран, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей, Румыния, Сербия, Тәжікстан, Түркіменстан, Түркия, Өзбекстан және Украина елдерінен 146 команда құрамында мыңнан астам оқушы қатысты.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша қазақстандық оқушылар 90 медаль жеңіп алды. Оның 13-і алтын, 37-сі күміс және 40 қола медаль. Олимпиаданың нәтижесі бойынша 500 қатысушы жүлдегер атанды.