Өзінің жаза мерзімін (16 жылға бас бостандығынан айыру) естіген акушер-гинеколог Асқар Қайыржан айыпталушыларға арналған кабинаның әйнегін ұра бастаған. Содан кейін судья Гүлмира Дәулетова қарауылдан оны залдан алып кетуді сұраған.
Орталық директоры Қуаныш Нысанбаевқа (18 жыл) қатысты шығарылған сот үкімін естіген оның әйелі судьяға дөрекі сөздер айтып айғайлайды. Осыдан кейін сот оны да залдан шығарып жіберген.
Еске салайық, 2019 жылдың қыркүйегінде Атыраудағы перинаталдық орталықта дәрігерлер жаңа туған баланы өлтірді деген күдікке ілінген.
Анықталғандай, дәрігерлер бала туғаннан кейін немқұрайды қарап, өлі туды деп жазған. Бірақ іс жүзінде бала тірі болған. Бала тіршілік белгілерін көрсеткеннен кейін дәрігерлер оны жансақтау бойынша шұғыл шаралар қабылдауға мүмкіндігі болған, алайда дәрігерлер толтырылып қойған құжаттарға сәйкес әрекет етуді ойлайды. Оқиға жаңа туған нәрестенің өлімімен аяқталған еді.