Білім • 19 Қаңтар, 2021

Биыл оқушылар ҰБТ-ны қалай тапсырады?

327 рет көрсетілді

Нұр-Сұлтанда мектептердің жоғары сынып оқушылары тапсыратын сынақтық Ұлттық бірыңғай тестілеуге орай коронавирустың алдын алу алгоритмі бекітілді, деп хабарлайды Egemen.kz

Нақты айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенованың жаңа қаулысына сәйкес БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті 2021 жылғы 20 қаңтар мен 5 ақпан аралығында «Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ, «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ, «Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті» мекемесі негізінде күшейтілген санитарлық-эпидемияға қарсы, санитария-профилактика іс-шараларын сақтай отырып, сынақтық Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізуді қамтамасыз етеді.

Ал Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы сынақтық тестілеу өткізу күндері ғимаратқа кіре берісте жедел жәрдем бригадаларының кезекшілігін қамтамасыз етуге міндетті.

«Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті ректорлары сынақтық тестілеу басталғанға дейін Нұр-Сұлтан қаласының санитар-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аудандық басқармаларымен тестілеу пункттерінің дайындығын бағалауды қамтамасыз етуі тиіс.

Қаулының толық мәтінімен мына сілтеме арқылы танысуға болады.

Соңғы жаңалықтар

Медбикенің мұнысы не?

Аймақтар • Кеше

Доллар арзандап келеді

Экономика • Кеше

Ұқсас жаңалықтар