Еуропадағы биылғы жыл бірқатар саяси оқиғамен басталды. Біріншісі – Ұлыбритания ақыры Еуропалық одақ құрамынан шықты. Тұманды Альбион бұл ұйыммен түбегейлі ат құйрығын кесіспегенімен, ендігі жерде экономикалық тұрғыда ешкімге бағынышты емес. Екіншісі – Германиядағы Христиан-демократиялық одағының көшбасшысын таңдау. Яғни саяси тұрғыда канцлер Ангела Меркельдің ізбасары анықталды. Project Syndicate жобасы аясында «Egemen Qazaqstan» басылымы жариялаған мақалалар топтамасында осы екі оқиға кеңінен талқыланады.
Ұлыбританияның Лордтар палатасының мүшесі Роберт Скидельский өз мақаласында Брекситтің себептеріне үңіліп көрген. Автордың пайымдауынша, Тұманды Альбионның одақ құрамынан шығуы уақыт еншісіндегі ғана шаруа еді. Өйткені тарихтағы оқиғалар Брекситтің бүгін болмаса, ертең басталатынын көрсеткен.
Стенфорд университеті Гувер институтының ғылыми қызметкері Йозеф Йоффе Христиан-демократиялық одағының жаңадан сайланған төрағасы Армин Лашеттің алдағы саясатына көз жүгірткен. Мақала авторы жаңа төраға канцлер Ангела Меркельдің ұстанған саясатынан ауытқымайды деп есептейді. Сондықтан ол Германия келешекте «Меркель минус Ангела» саясатын, яғни Меркель бағытын Ангела ханымның өзінсіз-ақ жалғастыра беретінін айтады.
Естеріңізге салайық, әлемдегі маңызды да өзекті тақырыптар жөнінде бірегей контент әзірлейтін Project Syndicate жобасы мақалалары Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жарық көріп отыр.

ГАМБУРГ. Еуропалық партияның басшысын таңдау әдетте үлкен жаңалық емес, себебі Еуропалық одақта мұндай 200-ге жуық партия бар. Бірақ ЕО-дағы ең үлкен әрі ең бақуатты елдегі әлеуетті саяси күш туралы сөз қозғалғанда әңгіме бөлек.
Өткен аптада Германиядағы Христиан-демократиялық одағы (CDU) Армин Лашетті төраға етіп сайлады. Ол Солтүстік Рейн-Вестфалия аймағының қарапайым, жылы жүзді премьер-министрі қызметін атқаратын. Алайда әлемдік аренаға танымал саясаткер емес. Әйтсе де, енді оның есімін есте сақтаңыз. Статистикаға сүйенсек, алдағы канцлер сайлауында Христиан демократтардың шоқтығы биік болмақшы.
Соғыстан кейін сайланған 8 канцлердің бесеуі осы CDU-дан шыққан. Конрад Аденауэрден бастап, қазіргі канцлер Ангела Меркельге дейін. Оған қоса, Меркельдің партиясы бүгінде жалпыұлттық сауалнамада қара үзіп тұр. Яғни алдағы қыркүйектегі жалпы сайлаудың нәтижесі бойынша консерваторлар тарапының өкілі Меркельдің ізін басатынына бәс тіксеңіз, қателеспейсіз.
Лашетті алда екі кезең күтіп тұр. Біріншісі – CDU-дың төрағалығы, екіншісі – канцлерлікке үміткерлік. Әдетте дәстүрлі түрде партия атынан оның төрағасы үміткерлікке ұсынылады. Бірақ басқалардың өз бағын сынауына кедергі жоқ. Үміткерді анықтау биылғы наурызға жоспарланған.
Дегенмен, күрделі мәселені талқыламас бұрын Лашеттің өзіне оралайық. Ол партияішілік сайлауда ұтылады деген болжам жасалған-ды. Әйтсе де, оның күтпеген жеңісі Лашетті канцлер лауазымына басты үміткер етіп отыр. Ендеше, ол келесі үкіметті жасақтайды деп елестетіп көрейік. Алдан не күтеміз?
Үш сөзбен айтқанда, «Меркель минус Ангела», яғни мүмкіндігінше сабақтастықты жалғастыру. Лашет елдегі саясатқа жаңа леп әкелуді көздемейді, сондай-ақ 16 жылға созылған Меркельдің центристік ұстанымы мен оның сәл солшыл бағытқа бейімделген көзқарасын бұзу ойында жоқ. Мұндай бейімделу коронавирус пандемиясы кезінде күшейе түсті. Бүкіл елде мемлекеттік шығындар өсті, қайта бөлісу кең тарады. Триллиондаған еуро жеке адамдарға және «жүйеге қатысты» корпорацияларға құйылып жатыр.
Сыртқы саясатта да «Меркелизм» өзгермейді. Партияның жоғары лауазымына талас кезінде Лашеттің екі қарсыласы – Фридрих Мерц пен Норберт Реттген германиялық мүддені «батыстың» пайдасына өңгеруге уәде берді. Қорғаныс пен НАТО-ға көбірек басымдық беріп, Ресей мен Қытайға қырын қарауды ұсынды. Әйтсе де, Лашет Меркельдің ізімен жүретінін айтты.
Мұны «дипломатиялық центризм» десек те қателеспейміз. АҚШ-тың Германияны шығыстағы екі алпауытпен текетіреске түсуге итермелеуіне жол бермей, Вашингтонмен қашықтықты сақтау керек. Еуропаның жүрегінде орналасқандықтан, Берлиннің ұстанымы бәрімен бірдей жақсы қарым-қатынаста болуға тиіс.
Канцлер ретінде Лашет «Солтүстік ағын-2» құбырына тыйым салып, Ресейге тікелей қарсы шықпайды. Бұл құрылыс Ресейдің газын тікелей елге әкеліп, Польша мен Украинаны айналып өтіп, Германияның Кремльге энергетикалық тәуелділігін арттырады. Сондай-ақ Германия байланыс саласындағы 5G технологиясын қолдануда қытайлықтармен қатынасты бұзбайды.
Келешектегі басты мәселе мынада. АҚШ президенттігіне сайланған Джо Байденнің инаугурациясынан үш апта бұрын Германияның көшбасшылығымен Еуропалық одақ пен Қытай арасында Инвестиция жөніндегі кешенді келісімге қол қойылды. Осы құжаттың қабылдануымен Байденнің Еуропалық одақты Қытайға қарсы стратегиялық коалиция құрамына енгізу жөніндегі үмітінің күлі көкке ұшты. Расында, Өңірлік кешенді экономикалық одақтастық келісімімен бірге ЕО мен Қытайдың мәмілеге келуі АҚШ-ты далада қалдырды. Экономикалық одақтастық келісіміне өткен айда қол қойылды. Құжат 15 азиялық мемлекетті қамтыған. Олардың арасында Қытай да бар.
Лашеттің Еуропадағы ұстанымы да сабақтастықты жалғастыруды көздейді. Демек Еуропалық орталық банкке мол мүмкіншілік беріледі. Сонымен қатар Еуропалық одақтың сайланбаған басқарушысы – Еуропалық комиссияның шығындар мен салық салу жөніндегі құзыреті кеңейтіледі.
Канцлерлік қызметтегі бастапқы жылдарында Меркель Еуропалық одаққа мол қаражаттың құйылуына қарсы бар күшін салып күресті. Қазір қарыз және ақша аудару ұйымына тыйым салынғандықтан, келесі канцлердің кім болатыны маңызды емес. Ендеше, қызметінен кеткеніне қарамастан, Меркель Еуропалық одақтың келешегіне әсер етуін жалғастыра бермек.
Бүкіл ықтималдылық 26 қыркүйекте дауыс саналатын федералды сайлаудың нәтижесінде Лашеттің келесі канцлер атанатынын көрсеткенімен, ол CDU мен оның бавариялық еншілес партиясы Христиан социалистік одағын (CSU) біріктіруде қиындыққа кезігеді. Өткен аптада соңғы орындарда келе жатқан Лашет екінші турда әупірімдеп жүріп, 1001 дауыстың 521-ін жинап жеңіске жетті.
Оған қоса, ұлттық сауалнама нәтижесіне сүйенсек, жауап бергендердің үштен бірі ғана Лашетті канцлерлікке лайық кандидат деп есептеген. Көпшілігі, яғни 55 пайызы CSU-дің басшысы Маркус Содерді қолдаған. Канцлерлікке таласта ол Лашеттің басты қарсыласы атанбақ. Шындығында, Содер жеңіске жету үшін барын салып жатыр.
Ендеше, Содердің ұстанымы қандай? Бұл сұрақты «Содердің ұстанымы қандай емес?» деп те қоюға болады. Өйткені ол өз пікірін өлшеусіз ауыстырып келеді, оңшылдардан солшылдарға баяу ауысып, кейін кері жүреді. Ішкі қорғаныс, иммиграция, отбасы құндылығы, локдаун, өнеркәсіптік саясат немесе «Жаңа жасыл бағыттың» неміс нұсқасы секілді мәселелерде ұстанымы құбылып отырады. Содер Ресейге санкция салуды қызу қолдады. Бірақ Кремльге барған сапарында Ресей президенті Владимир Путинмен емен-жарқын әңгімелесті.
Германияның Христиан демократтарының оң қанатын басқарып тұрған көшбасшылардың айырмашылығы бар ма? Жоғарыда айтып өткеніміздей, Лашет дегеніміз – «Меркель минус Ангела». Содер – харизма мен рухтың күшіне сүйенетін саясаткер. Әйтсе де, оның өткені өздігінен шешім қабылдай алмайтын немесе үмітшіл деп аталатын тым икемделгіштікті көрсетеді.
Әлемнің басқа бөлігі үшін алдағы наурызда партия кімді ұсынатыны маңызды емес. Германияның көп партиялы коалициясының саясаты Барак Обамадан кейін сайланған Дональд Трамптың кезіндегі АҚШ-тың ұстанымы секілді тез өзгермейді. Ол бірнеше пайызға солға не оңға бұрылады. Осылайша, саясаттың тұңғиығына сүңгіп, электораттың өзгермелі ұстанымына бейімделе отырып басқарады.
Лашет пе, әлде Содер ме? «Меркель плюс» әлде өзін әлеуетті саясаткер ретінде көрсететін бавариялық па? Әрине, үшінші ойыншы да бар. Ол – коронавирус. Былтыр тәртіпті немістер пандемияны дер кезінде ауыздықтай білді. Бүгінде елде қайта-қайта локдаун жарияланып, инфекция жұқтырғандар саны ұлғайып барады. Егер мұндай дағдарыс жалғаса берсе, германиялық электораттың пікірі өзгеріп шыға келуі мүмкін. Нәтижесінде, Рейн облысынан шыққан саясаткердің орнына Бавариядан келген «патша» отыруы әбден мүмкін.
Йозеф ЙОФФЕ,
Стенфорд университеті Гувер институтының ғылыми қызметкері.
Ол Германиядағы Die Zeit апталығының редакция алқасы құрамына енген
Copyright: Project Syndicate, 2021.
www.project-syndicate.org
Балықшылар ескерткіші сынға ілікті
Қоғам • Бүгін, 08:08
Экология • Бүгін, 08:08
Қызылордада бау-бақша орталығы ашылды
Аймақтар • Бүгін, 08:06
Қазақстан тарихы: 7 томдық академиялық еңбек әзірленеді
Әдебиет • Бүгін, 08:03
Қоғам • Бүгін, 08:00
Театр • Бүгін, 07:56
Руханият • Бүгін, 07:54
Руханият • Бүгін, 07:53
Офтальмологиялық орталық қызметі кеңейді
Қоғам • Бүгін, 07:51
«Көбелек балалар». Сирек кездесетін кесел түрі көп
Қоғам • Бүгін, 07:50
Зауыт жұмысшылары далада қалмайды
Қоғам • Бүгін, 07:48
Аударымның сомасы – 218,6 млн теңге
Қоғам • Бүгін, 07:47
Аймақтар • Бүгін, 07:44
Руханият • Бүгін, 07:43
Волонтерлік – азаматтық қоғамның баспалдағы
Қоғам • Бүгін, 07:41
Әлем • Бүгін, 07:39
Цифрлы өзгерістің жеңімпаздары мен жеңілгендері
Технология • Бүгін, 07:38
Бес жылда агросекторға 4 трлн теңге тартылады
Экономика • Бүгін, 07:36
Бауырластық байланыстар беки береді
Президент • Бүгін, 07:32
Тілсіз жау соңғы аптада ғана төрт адамды мерт қылды
Аймақтар • Кеше
Қор нарығынан пайда табуға болады
Экономика • Кеше
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Кішкентай көрермен кімге өкпелейді?
Театр • Кеше
СҚО-да су тасқыны қаупі күшейді
Аймақтар • Кеше
Құтқарушы әйел қауіпсіздікті қамтамасыз етеді
Аймақтар • Кеше
Елордада «Шәмші» мюзиклі көрермен назарына ұсынылды
Театр • Кеше
Футзал: Қазақстан құрамасы көш басына шықты
Футбол • Кеше
Ақтөбе облысының Темір ауданына әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Ұлытау ауданының әкімі тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Сегіз облыс аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Жамбыл облысында бірқатар кадрлық тағайындаулар болды
Тағайындау • Кеше
Түркістан облысының денсаулық сақтау саласы көш басында
Медицина • Кеше
Аягөзде аулада тұрған көлік ұрланған
Аймақтар • Кеше
Қостанай облысында жойқын жол апатынан 7 адам қаза тапты (Видео)
Аймақтар • Кеше
Мәжіліс Төрағасы Қырғыз Президентімен кездесті
Парламент • Кеше
Елбасы Қырғыз Республикасының Президентімен кездесті
Елбасы • Кеше
Алматыда өрт қауіпсіздігіне бақылау күшейтілді
Аймақтар • Кеше
Қостанайда мұғалімдер мен полицейлерге вакцина егу басталды
Аймақтар • Кеше
Алматыдан Тбилисиге тұрақты әуе рейстері қайта ашылады
Қазақстан • Кеше
Атырау облыстық экономикалық тергеу департаментіне жаңа басшы келді
Тағайындау • Кеше
Дәурен Кеңбейіл қаржы вице-министрі болып тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Елордада тілсіз жаумен күрес қалай жүргізілуде?
Аймақтар • Кеше
Ғылыми саланы жетілдіру мәселелері талқыланды
Қазақстан • Кеше
Қостанай облысында жол апатынан 6 адам қаза тапты
Аймақтар • Кеше
Ақтөбеде «Игі істер» марафоны басталды
Аймақтар • Кеше
Сенатта сақтандыру нарығын жетілдіру мәселелері талқыланды
Қазақстан • Кеше
Ақтөбеде иесіз инженерлік желілер коммуналдық меншікке беріледі
Аймақтар • Кеше
Қазақстанда кибер шабуылдар күрт артқан
Қоғам • Кеше
Петропавлда жатақханадағы жарылыстан бойжеткен көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Актер Нұркен Өтеуіл жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
10 наурызда телерадиохабар тарату уақытша тоқтатылады
Қазақстан • Кеше
Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болғанына - 29 жыл
Қазақстан • Кеше
Алматыда мектептер наурыз айында аралас оқу форматына көшеді
Аймақтар • Кеше
«Дәрмек» республикалық операциясының бірінші кезеңі аяқталды
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар