Парламент • 20 Қаңтар, 2021

21 қаңтарда Сенаттың кезекті отырысы өтеді 

167 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2021 жылғы 21 қаңтарда сағат 10:00-де Сенаттың кезекті отырысы  болады, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

21 қаңтарда Сенаттың кезекті отырысы өтеді 

Күн тәртібіне келесі мәселелер ұсынылады:

1.Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мақұлдаған «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНЕСКО) арасындағы ЮНЕСКО аясында Мәдениеттерді жақындастыру халықаралық орталығын (2-санат) құру туралы келiсiмді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде.

2.Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мақұлдаған
«2007 жылғы 6 наурыздағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Грузия Үкіметі арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде.

3.Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мақұлдаған
«Қазақстан Республикасы мен Халықаралық қаржы корпорациясы арасындағы Қазақстан Республикасында офистер құру және олардың қызметі туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде.

4.Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мақұлдаған
«ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ядролық авария немесе радиациялық авариялық ахуалдың туындау жағдайына дайындықты және олардың зардаптарын жою кезіндегі өзара көмекті қамтамасыз ету бойынша өзара іс-қимылы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде.

5.Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мақұлдаған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде (бірінші оқылым).
 
Сенат отырысы палатаның www.senate.parlam.kz сайтында онлайн режимде көрсетіледі.