«Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ Тәуекелді инвестициялау жөніндегі акционерлік инвестициялық қордың «Сентрас» венчурлық қорының құрамынан шықты.
«Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ Тәуекелді инвестициялау жөніндегі акционерлік инвестициялық қордың «Сентрас» венчурлық қорының құрамынан шықты.
Ұлттық агенттік венчурлық қордан 91,34 млн. теңге табыспен еншісін алды. Агенттіктің үлесін инвестициялық қордың екінші акционері «Centrica» ЖШС сатып алды. Венчурлық қаржыландырудағы тәуекелдердің жоғарылығына қарамастан, қорға салынған мемлекеттік инвестициялардың жалпы табысы 18,27 пайызды құраған болатын.
Еске салар болсақ, Тәуекелді инвестициялау жөніндегі акционерлік инвестициялық қордың «Сентрас» венчурлық қоры 2005 жылы даму мүмкіндігі жоғары инновациялық және басқа да жобаларды қаржыландыру мақсатында құрылған болатын. Жарғылық капиталы 1 107 400 мың теңгені құраған қор «Сентрас Секьюритиз» АҚ басқаруына берілген еді.
Аталған қор осы уақытқа дейін экономиканың түрлі салалары бойынша 8 жобаны қаржыландырды. Олардың қатарында фармацевтика, машина құрастыру, жылу қуаты, жел қуаты, құрылыс, ақпараттық технологиялар, металлургия салаларына қатысты жобалар бар.