14 Желтоқсан, 2013

«Жасыл» экономикаға инвесторлар тартты

280 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Таяуда Central Asia Renewable Energy Fund LP құрамына кіру туралы тиісті үшжақты келісім жасалды. Жеке секторды дамыту жөніндегі Ислам корпорациясы еліміздің «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ-пен жасалған келісімге қол қойды. Келісімшарттың жасалуына «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі ұйытқы болды.

Қордың мақсаты баламалы және жаңартылатын қуат көздеріне қатысты жобалардың портфеліне  8-10 жылдық мерзімге инвестиция салу екені мәлім. Бастапқы кезеңде  50 млн. АҚШ долларына жеткізіп, кейіннен оны 100 млн. долларға дейін ұлғайтуды көздеп отыр. Негізі, құрылған қордың бірнеше ерекшеліктері бар. Біріншіден, ол тек Қазақстан аумағындағы жобаларды ғана қаржыландырады. Екіншіден, жарғылық капиталы­ның үштен екі бөлігі жеке және шетелдік инвестициялар есебі­нен жасақ­талады. Мемлекет Тех­но­логиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік арқылы жарғылық капитал­дың үштен бір бөлігінен де аз көлемін қаржыландырады. Үшіншіден, қор исламдық қаржы­лан­дыру қағидаттары бойынша жұмыс істейтін болады. Сонымен қатар, жеке секторды дамыту жөнін­дегі ислам корпорациясы қорға консультациялық кеңестер беріп, жобаларды құрылымдау жөнін­дегі тәжірибесімен бөлісіп отырады. Төртіншіден, қор қаржы­лан­дыруы мүмкін жобалар тізімі жасалды.

«Бәйтерек» холдингі бұл жоба­ға қатысу арқылы, елімізде «жасыл» энергетиканы дамытуға және Астанада өтетін ЭКСПО-2017 ха­лықаралық көрмесінің  дайын­­дық жұмыстарына өз үлесін қосып отыр деп білеміз.

Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ,

«Егемен Қазақстан».

Соңғы жаңалықтар