«Нұр Отан» партиясы жанындағы «Мирас» қоғамдық кеңесі мәдениет пен өнерді дамыту орайында толайым жұмыс тындырып келеді. Кеңес кейінгі кезде өзінің аясын кеңейтіп, өмірдің көптеген салаларына белсене араласып жүр. «Мирастың» құрамында Мырзатай Жолдасбеков, Әкім Тарази, Қуаныш Сұлтанов, Нұрлан Оразалин, Айман Мұсақожаева, Бекболат Тілеухан, Ермек Аманшаев сияқты есімі елге танымал тұлғалар бар.

Кеше «Нұр Отан» партиясының орталық ғимаратында қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өткізілді. Партия Төрағасының бірінші орынбасары Б.Байбек кеңес мүшелеріне белсенді жұмысы үшін алғыс айта келіп, «Мирастың» мерейлі мұраттары жайында қысқаша әңгімеледі, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Қуаныш Сұлтановтың партияның таяуда өткен ХҮ съезінде «Нұр Отан» партиясы Саяси бюросының мүшесі, Партиялық бақылау комитетінің төрағасы болып сайлануына және Президент жанындағы адам құқы жөніндегі комиссияның төрағасы міндетін де атқаратындығына байланысты өзін кеңес төрағалығы міндетінен босатуды сұрағанын жеткізді, кеңестің қалыптасу кезеңінде оған білікті жетекшілік жасағаны үшін алғыс айтты. Кеңес төрағалығына Парламент депутаты, Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев ұсынылды. «Қоғамдық кеңестің жұмысын жаңа деңгейге көтеру керек, кезегін күтіп тұрған мәселелер баршылық. Мәулен Сағатханұлының және кеңестің басқа да мүшелерінің көмегімен біз ол мәселелерді шеше алатынымызға сенемін», деді Бауыржан Байбек. Партия Төрағасының бірінші орынбасары Парламент Мәжілісінің депутаты, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Алдан Смайылды, «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамының президенті Сауытбек Абдрахмановты, «Хабар» агенттігі» АҚ продюсері Меруерт Құмарованы өзі қол қойған қаулыға сәйкес кеңес мүшелерінің қатарына қабылдануымен құттықтап, қоғамдық жұмыста табыс тіледі.
«Егемен-ақпарат».