14 Желтоқсан, 2013

Үш айлық тәжірибе

270 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Оның алғашқы кезеңінің қорытындылары қандай?

Үстіміздегі жылдың қыркүйек және желтоқсан айлары аралығында Астана қаласында «Сәтті қадам» жобасының бірінші кезеңі бойынша үш айлық тәжірибе жүргізілген болатын. Осыған орай «Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратында жобаның бірінші кезеңін қорытындылау және келесі кезеңге құжаттарды қабылдаудың басталуын хабарлау бойынша баспасөз мәслихаты болып өтті.

Қыркүйек айында тәжірибеден өтуге 79 адам бағытталған еді. Тәжірибеден өтудің бірінші айында 4 қатысушы өздері тәжірибеден өтіп жатқан мекемеде қызметке орналасты. Бірінші кезеңнің оң нәтижелерін ескере отырып, тәжірибеден өтуге ниет білдірген жастар үшін жобаның екінші кезеңін бастау туралы шешім қабылданды. Жоспар бойынша жобаға қатысу құжаттарын қабылдау 18 желтоқсан мен 18 қаңтар аралығында жүргізіледі. Сұхбаттасу кезеңінен өткен жоба қатысушылары 2014 жылдың 27 қаңтарынан тәжірибеден өтуге жіберіледі.

Жобаға қатысу шарттары өзгерген жоқ, бірақ жоба аясында өзара қызметтестік туралы меморандумға қол қойылған мемлекеттік органдардың және ұлттық компаниялардың саны ұлғайып отыр. Мысалы, «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ, «Астана Innova­­tions» АҚ, «Қазақстан РТРК» АҚ, «Технологиялық даму жө­ніндегі ұлттық агенттігі» АҚ, «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ, Статистика агенттігі, Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, Индустрия және жаңа технология­лар министрлігі, Өңірлік даму министрлігі және т.б.

«Қазақтелеком» АҚ, «KAZ­NEX» АҚ, «KEGOC» АҚ, «ҚТЖ» АҚ ұлттық компаниялары мен Мәдениет және ақпарат ми­нис­трлігі, Білім және ғылым ми­нистр­лігі, Көлік және комму­никация министрлігі, Әділет министрлігі, Қаржы министрлігі сияқты мемлекеттік органдар «Сәтті қадам» жобасының 2-ші кезеңі бойынша жоба қатысушыларын тәжірибеден өтуге қабылдауға тілек білдірді.

«Егемен-ақпарат».

Соңғы жаңалықтар