Кеше Мәскеуде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Еуразия экономикалық комиссиясы (ЕЭК) кеңесінің кезекті отырысы болып өтті.
Кеше Мәскеуде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Еуразия экономикалық комиссиясы (ЕЭК) кеңесінің кезекті отырысы болып өтті.
Кеңес мүшелері интеграцияны одан әрі дамытуға бағытталған ережелерді ескере отырып, Еуразия экономикалық одағы туралы келісімшарттың жобасы жөніндегі жұмыстың барысын талқылады.
Сондай-ақ, отырыста сауда, бәсекелестік, монополияға қарсы реттеу, энергетика және техникалық реттеу салаларының мәселелері талқыланды. Соның ішінде «Химиялық өнімдердің қауіпсіздігі», «Лак және бояу шығару материалдарының қауіпсіздігі», «Синтетикалық бояғыш заттардың және тұрмыстық химия тауарларының қауіпсіздігі» туралы Кеден одағының техникалық регламенттері қаралды.
Қазақстан Республикасының бірінші вице-премьері Бақытжан Сағынтаев ЕЭК Кеңесінің жұмысы интеграциялық үдерістерінің қарқындылығы мен мемлекеттеріміздің арасындағы әріптестік қарым-қатынастың жоспарлы нығаюының дәлелі болып табылатындығын атап көрсетті, деп хабарлады ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.