Қоғам • 20 Қаңтар, 2021

Мәжбүрлі еңбекке тартылған азаматтың көмегі

443 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД Үржар №2 пробация қызметі бөлімінің есебіндегі мәжбүрлі еңбекке тартылған сотталушы күніне төрт сағаттан атқарылатын мәжбүрлі еңбекті жалғыз басты қарттарға көмек көрсетумен өткеріп жүр.

Мәжбүрлі еңбекке тартылған азаматтың көмегі

Бас бостандығын шектеу жазасына сотталған А. жалғыз басты қарттардың аулаларын қардан тазартып, отындарын жарады.

«Мен ішімдік ішу үшін ұсақ ұрлық жасап, сотты болдым. Осы жасаған қылмысым үшін сот үкімі тағайындаған жазамен 100 сағаттық мәжбүрлі еңбекті атқарып жүрмін. Бұл жаза мен үшін тәрбиелік мәні бар сабақ болды. Сот үкімімен тағайындалған әрбір жаза заң талабына сай толық орындалатына көз жетті. Қателігімді енді қайталамаймын, – дейді бас бостандығын шектеу жазасына кесілген А.

Қаратұма ауылдық округі әкімдігінің қызметкерлерімен бірлесіп атқарылған бұл іс-шараға Қаратұма ауылының тұрғыны, жалғыз басты қарт ана да ризашылығын білдірді.

– Ауданымыздағы пробация қызметінің қызметкерлеріне және әкімдіктің қызметкерлеріне осындай қайырымдылық іс-шаралар ұйымдастырып жүргендеріне шексіз алғыс білдіреміз, - деді қарт ана жылы жымиып.

 

Үржар аудандық №2 пробация қызметі бөлімінің

аға инспекторы, әділет аға лейтенанты  Дидар Баженов