Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының бюро отырысы болды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының бюро отырысы болды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.
Онда Сенаттың 19 желтоқсанда болатын кезекті отырысының күн тәртібіне шығарылатын заң жобалары егжей-тегжейлі талқыланды. Палата алты заң жобасын қарауды жоспарлады.
Сенаттың тұрақты комитеттерінің төрағалары осы заң жобаларының әзірлік барысы, атап айтқанда, комитеттер мен жұмыс топтарындағы талқылаулардың нәтижелері туралы баяндады.
Сенат комитеттеріне Мәжілісте мақұлданған заң жобалары бөлініп берілді. Экономикалық даму және кәсіпкерлік комитетіне Кеден одағының сыртқы және өзара саудасының интеграцияланған ақпараттық жүйесін құру, оның жұмыс істеуі және оны дамыту туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасы берілді. Осы комитет Кеден одағының бірыңғай кеден аумағында сыртқы және өзара саудада электрондық құжаттар алмасу кезінде ақпараттық технологияларды қолдану туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасына да ие болды. Қаржы және бюджет комитеті оңалту және банкроттық туралы заң жобасы бойынша бас комитет болып белгіленді. Бұл комитет заңнамаға оңалту және банкроттық, салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасымен де шұғылданатын болды.